• Басты
  • Түркістан: Шардарада тауық фермасы іске қосылады
2 Наурыз, 2020 12:53

Түркістан: Шардарада тауық фермасы іске қосылады

Түркістан облысындағы Шардарада тауық фермасы іске қосылады, деп хабарлады Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан: Шардарада тауық фермасы іске қосылады

Шардара ауданының тұрғындары алдағы айда өздерінде өндірілген сапалы жұмыртқаны тұтынатын болады. Бұл іске Жаушықұм ауылындағы 5 мың құсы бар тауық фермасы бел шешіп кіріспек ниетте. 

2019 жылдың қазан айында Жаушықұм ауылының тұрғыны Құралбек Дүйсебаев Талдықорған қаласынан 5 мың бас балапан сатып әкеліп, арнайы қорада күтіп-баптаған. Сол балапандардың басым бөлігі енді бірер күнде алғашқы жұмыртқасын бере бастамақ. Шаруа күніне шамамен 4,5 мың дана жұмыртқа аламыз деп жоспарлап отыр. 

«Бүгінде Шардара ауданына жұмыртқа сырт аудан, қалалардан тасмалданады. Тіпті еліміздің өзге облыстарынан да әкелінеді. Яғни сұраныс мол. Бізге осы жайт ой салып, жұмыртқа өндіру бағытында жеке бизнесімізді бастап көрмекке ниеттендік. Міне, былтыр 5 мың тауық әкелсек, алдағы шілде айында оның қатарын 10 мың басқа жеткізсек деп отырмыз» ,- дейді «Жаушықұм-құс» серіктестігінің басшысы Құралбек Дүйсебаев. 

Кәсіпкер жігіт дәл осындай тауық фермасын көрші Арыс қаласының Ақдала ауылында да салып жатыр. Қазір бұл ферманың құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Енді бірер айда 10 мың бастық тауық фермасы Арыс қаласынан да іске қосылады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды