• Басты
  • Түркістан облысында қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады
2 Маусым, 2020 17:56

Түркістан облысында қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады

Түркістан облысында 1 маусымнан бастап өңірдегі барлық блок-бекеттер алынып, қала және ауыларалық көлік қатынасы іске қосылды. Сондай-ақ карантиндік режимді сақтай отырып, қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Түркістан облысында қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады

Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарының (50 орынға дейін) ашық жазғы алаңдарында сағат 10.00-ден 22.00-дейін адамдарды қабылдауға рұқсат беріліп отыр.

«Күшейтілген санитариялық дезинфекциялау режимін сақтай отырып, мына мекемелер өз жұмысын бастады: СПА орталықтар, монша, бассейндер, жағажайлар, халыққа арналған спорт кешендері, фитнес орталықтар, санаторий-курорттық мекемелер, демалыс үйлері, көрерменсіз мәдениет және спорт мекемелері, темір жол вокзалы мен автовокзалдар, автостанциялар, халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары, ұлттық компаниялар. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтай отырып саябақтарда, алаңдар мен скверлерде, жағалауларда серуендеуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни нысандар да ғимаратты 30%-ға дейін ғана толтырып өз жұмысын бастай алады», - деді Нұрбек Садықбекұлы.

Айта кетерлігі, мекеменің штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда жұмысшыларының кемінде 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу режимінде қалады. Өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитарлық-дезинфекциялық және санитарлық-карантиндік іс-шаралардың сақталуына мониторинг жүргізу жалғасады. Облыс аумағында маска кию режимі сақталады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды