• Басты
  • Түркістан облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады
18 Мамыр, 2020 11:42

Түркістан облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

Түркістан облысы бас санитарының шешімімен 18 мамырдан бастап аймақтағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жалғастыра бастады,деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Түркістан облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін және оларды ұсыну форматын да қамтиды. 

Енді азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі», электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе  немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет.

Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді. Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек. 

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. 

Айта кетейік, айтылған жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты екенін айтты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдер қалаға қарағанда келушілер санының айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз, бұрынғы режимже жұмыс істейтін болады.

 «Мемлекеттік қызметтер және оларды өз бетінше қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты азаматтар 1414 нөміріне хабарласып ала алады, онда оларға ХҚО операторы кеңес береді. Бүгінде байланыс орталығының жұмысына мемлекеттік корпорацияның 2000 - нан астам тәжірибелі қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар, қызмет алушылар электронды қызметтерді egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot мобильді қосымшаларының, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері чат-боттар арқылы ала  алады. Өңір тұрғындарына ыңғайлы болу үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының санын көбейтеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбеков.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды