• Басты
  • Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі
16 Қараша, 2020 16:10

Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев ҚР Президентінің тапсырған міндеттемелерінің орындалу барысымен таныстырды. Облыстың бас қаласы Түркістан қаласының инфрақұрылымы, газдандыру мәселесі, Мақтааралдағы әлеуметтік жағдай, тұрғын-үй мен коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі

Түркістан қаласының құрылысы

Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Көне қаланың жаңаша сәулеті – мемлекеттік маңызы бар міндет. Түркістан облыстың бас қаласы ғана емес, сонымен қатар түркі әлемінің рухани астанасы. Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, қаладағы барлық ғимарат, құрылыстар, коммуникациялар - қаладағы барлық инфрақұрылым халықаралық талаптарға сай болуы керек. Сол себепті келер жылы да қаланың құрылысы мен жан-жақты дамуы басты назарда болмақ.

Түркістан қаасын салудағы ең алғашқы бағыт – бұл қаланы газдандыру, жол желісін салу, сумен, жылумен жабдықтау, электрлендіру жаңадан салынды. Сондықтан 2020-2021 жылдары барлық инфрақұрылымды аяқтауымыз керек. Бұл жұмыстар жер астында орындалады, көзге көрінбейді. Екінші бағыт - әкімшілік-іскерлік орталық құру. Әкімшіліктің бір бөлігі салынып бітті. Келесі жылы оның негізін аяқтауымыз керек. Ол үшін бірқатар өтпелі нысандар салып, адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасалуы қажет. Мұнда 177 тұрғын үй салынуда, биыл - 54, қалғандары өтпелі. Келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, жолдар, желілер, көшелер, тротуарлар құрылысы, көгалдандыру, суландыру, субұрқақтар қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді, - деді Өмірзақ Шүкеев.

Осының бәрі келесі жылы аяқталуы тиіс. Себебі келер жылы Түркістан облысына жан-жақтан қонақтар келеді деп күтілуде.

Шүкеевтің айтуынша, 2021 жылдың наурыз айында түркі мемлекеттерінің саммиті өткізіледі.

Қаланы дамытудағы үшінші бағыт - рухани-мәдени орталық қалыптастыру. Саммит ауқымды халықаралық оқиға болмақ. Қазір біз бұл шараға дайындық жұмыстарын бастадық. Шаралардың бір бөлігі мәдени орталықта өтеді, - деді ол.

Шөкеев қала тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін су тапшылығы мен көгалдандыру мәселесін шешіп, содан кейін азық-түлік белдеуін және қаланың оң микроклиматын қалыптастыру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты. Айта кетейік, қалада 200 мың тұрғын өмір сүреді.

Экономикалық даму

Түркістан облысында 142 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Түркістан облысында өнеркәсіп 434,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд. теңгеге артық. 215 мың тұрғын өнеркәсіптерде жұмыспен қамтылған. Облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасып келеді. Биыл өңірге 480,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 70 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 635 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 пайызға артық.

Елбасының еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жаңа технологиялар енгізілуде.

Бұл мақсатта шаруашылықтар ірілендірілуде. Қазіргі таңда ең үздік суару әдістері қолданылады. Мәселен, Түркістан қаласының төңірегінде 11 мың гектарда 4 кооператив құрылды, 1,5 мыңға жуық фермерлер біріктірілуде. Олардың әрқайсысында 1 мың гектарға дейін жер телімі бар. Қазіргі таңда жаңбырлатып суару технологиясын қолданып, бидай мен жүгері өндірдік. Америкалық компаниямен бірге жұмыс істеуде, - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар өңірде әр мың гектар жерде үлкен өңдеу өндірісі жолға қойылды. «Түркістан агро-21» компаниясы 795 га жерді суландырып, екі рет өнім алды, сондай-ақ келесі жылы 6 млрд теңгеге 1200 басты сүт тауарлы ферма іске қосылмақ. «СПК Сауран» компаниясы 795 га жерді суландырып, бордақылау кешенін салып жатыр. «Ынтымақ агро» компаниясы 462 га жаңбырлатып суаурмен қондырғыларын орнатты. Бұл жерде құс фермасы іске қосылады.

Екінші бағыт орташа шаруашылықтар арасында 2-3 өнім алу технологиясы. Бұл технология былтырдан бері барлық аудандарда іске қосылды. Биылдың өзінде 2 мың жоба іске асырылды. Ауылдық жерлерде 10 сотық жерден бастап тамшылатып суару жүйесі технологиясы енгізілуде. Бұл жүйе бойынша 105 жоба «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттармен қаржыландырып жатыр, - деді Өмірзақ Естайұлы.

Еліміздің ауыл шаруашылығында Түркістан облысының үлесі 12% - ды құрайды. Әлемде және елімізде орын алған карантиндік шараларға қарамастан, жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталып, 90,5 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 692,1 мың тн. және мал шаруашылығы өнімдері 14 мың тн. құрайды.

Облыс экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында жыл басынан бері 522,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 103,5%-ды құрады. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбеюде. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 1,1 млн бастан, қой мен ешкі – 4,4 млн бастан асады. Түйе 16,2%-ға артып, 34,1 мың бастан асты. Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 158,4 мың тоннаны құрады, сүт өндіру 600,5 мың тоннадан асты, - деді Өмірзақ Шөкеев.

Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында. Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тн. сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тн. қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тн. жылқы еті экспортталды. Сонымен қатар, Ресей, Украина, Белоруссия елдеріне 133,4 мың тонна бақша өнімдері экспортталды. 1690,8 тонна балық өнімдері Еуропа (Германия, Литва) және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 13 тонна шұжық өнімдері және 1876,9 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылды.

Демографиялық даму

Түркістан облысы бала туылу көрсеткіші бойынша республика бойынша алдыңғы орында. Қазан айында аймақта 5659 бала туылған. Демек, тәулігіне 200-ге жуық сәби дүниеге келеді. Түркістан облысының әкімінің дерегінше, облыста он ай ішінде жалпы 50 202 нәресте туылған. Өңірде бала туу көрсеткішінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 көрсеткішке артқаны байқалады.

200521155319965e.jpg

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Осыған орай, облыс тұрғындары мемлекеттік көмектер алады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Түркістан облысында 67 038 адам қамтылып, оның ішінде 798 адам шағын несие алған және 6 039 адам мемлекеттік грантты иеленді. 30 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылған.

2020 жылдың 1 қарашасына аз қамтамасыз етілген 35 109 отбасыға 13 156,2 млн. теңге қаржы тағайындалып, 33 434 отбасыға 10 683,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша 1 және 6 жас аралығындағы 41 516 балаға азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдары берілді. Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылу салдарынан табысы төмендеген 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд.теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер ұсынылды, - деп есеп берді әкім.

Коронавирустың екінші толқынына дайындық

COVID-19 індетінің таралуына байланысты өңірде 78,5 млрд теңгеге денсаулық сақтау саласының 7 нысаны салынуда. Сондай-ақ 8 нысанның күрделі жөндеуіне 1 млрд 235 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, 13 жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасының біреуі Түркістан қаласында бой көтеруде. 200 төсек орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы берілуге дайын. Пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 5 мыңға жуық медицина қызметкеріне 7,2 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленді, тағы 483 медицина қызметкеріне жергілікті бюджеттен 181,9 млн теңге сомасында үстемақы берілді.

6cf6258f-9b98-44c8-b538-23e07c1b8105.jpg

Облыста екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры құрылды. Облыстағы 557 дәріхананың 238-імен меморандум жасалды. Өңірде оттегімен қамтамасыз ету аппараттарының саны 337-ге жетті, оттегі станциялары екі есеге көбейді. 40 рентген аппараты, концентраторлар, пульсоксиметрлер, ПТР зертханалар бар. Қазір мұнда 10 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр.

Әкім Түркістан облысында кадр тапшылығы сезілетінін жеткізді. облыстың Облыс ауруханалары мен емханаларына 174 маман, оның ішінде: кардиолог, невропатолог, оторинларинголог, анестезиолог-реаниматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатр, окулист, онколог дәрігер мамандары қажет. Маман тапшылығын шешу мақсатында биыл жоғары оқу орындарынан 131 бітіруші түлек медициналық ұйымдарға жұмысқа жолданды. Шалғай ауылдарда еңбектенуге ниет білдірген 45 жас маманға 1 500 000 теңге әлеуметтік қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 1746 медицина қызметкерлері білім жетілдіріп, оның ішінде 44 дәрігер Ресейде біліктілік арттырды.

Тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы

Өмірзақ Шүкеевтің хабарлауынша, облыста ипотекалық тұрғын үйлер көбейіп жатыр. Осы жылдың соңына дейін кезекте тұрған 1822 отбасы өз баспаналарына кіреді. Олардың көбі көпбалалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар екен. Жалпы тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың шаршы метрді құрайды. 10 ай ішінде 406,4 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген. 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады.

Сонымен қатар, биыл мемлекеттік және ішкі істер органдары мен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына тиесілі 77 нысанның құрылысы аяқталады.

633f03d6-92fd-4e1b-803f-f6e681708597.jpg

Мақатааралды қалыпқа келтіру жұмыстары

Мақтааралды 28 отбасы – 100-ге жуық адам үйсіз, құжатсыз, перспективасыз қалған болатын. Олар су астында қалған ауылдарда бос ғимараттарға орналастырылды. Осы жылдың мамыр айында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы нәтижесінде Мақтаарал ауданының 5 ауылы су астында қалған еді. Төтенше жағдай салдарынан мыңға жуық тұрғын үй, мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері, автомобиль жолдары және 6000 гектарға жуық жайылым мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер су астында қалды.

Мақтааралға Елбасының, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауы болды. Оқиға салдарын тезірек қалпына келтіру үшін барлық облыс, қоғамдық ұйымдар қатысты. Мактааралда мыңдаған үй су астында қалды, олар 2-3 айдың ішінде қалпына келтірілді. Тіпті жаңа шағын аудан бой көтерді, - деді ол.

Қазіргі таңда Мырзакент ауылының жаңа шағын ауданында Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық кенттерінің зардап шеккен тұрғындарына арналған 386 жеке үйдің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ Фирдоуси және Өргебас елді мекендерінде 504 тұрғын үйдің 494-інің құрылысы аяқталды, жақын арада 10 үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Мырзакентте 1200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория және 1 полиция тірек пунктінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп жөнделді, ал Өргебас ауылында фельдшерлік-акушерлік және полицияның тірек пункттері салынуда.

Барлық жаңалықтар
164.40.17.154, 192.168.88.100