• Басты
  • Түркістан облысының даму ахуалы қалай жүзеге асырылуда
28 Қараша, 2019 15:21

Түркістан облысының даму ахуалы қалай жүзеге асырылуда

Түркістан облысы қарқынды дамып келе жатқан басты облыстардың бірі. Өңірде жаңа технологиялар кіріктіріліп, рухани іс-шаралар да жиі өткізіліп тұрады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Түркістан облысының даму ахуалы қалай жүзеге асырылуда

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Арыс қаласында жаңадан бой көтерген спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық-сауықтыру орталығының лентасын қиюға «Samruk Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мен Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қатысты.

Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы тамыз айында басталған болатын. Онда жергілікті тұрғындардың күрес, ауыр атлетика, дзюдо, самбо, шахмат, баскетол, волейбол секілді спорт түрлерімен шұғылдануына бар мүмкіндік жасалған.

«Жекеменшік әріптестік шеңберінде бой көтерген заманауи жаңа спорт кешенінде бір мезгілде 120 спортшының жаттығуына барлық жағдай жасалған. Зәулім ғимаратта спорт сүйер азаматтар мен жас балалар, жалпы арыстықтар спортпен айналыса алады. Сонымен қатар бұл шаңырақта ел намысын қолдан бермейтін болашақ Олимпиада чемпиондары тәрбиеленеді деп сенеміз»,– деді құттықтау сөзінде «Samruk Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры қаладағы 68 нысанды қалпына келтіруге қол ұшын созып, 53 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 3 қоғамдық орын нысандарын толық жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, Арыс қаласындағы темір жол вокзалы, «Батырлар Аллеясы» мен 1200 орындық орталық алаң толық қайта қалпына келтірілді. 16 мектеп жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді. Спорт және ойын алаңқайлары жөндеуден өтті.

Жалпы, Түркістан облысында 64 спорт нысандары жұмыс істейді. Оның 4-і Арыс қаласында орналасқан. Биыл облыс бойынша 3 спорт кешені халық игілігіне пайдалануға берілсе, келесі жылы дәл осындай 11 нысанның құрылыс жобасы дайындалған.

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері 4 мыңға жуық іс-шаралар өткізіліп, оған 436 мыңнан астам адам қатысты. «2019 жыл – Жастар жылы» аясында ересектер арасында 9 спорт түрінен Спартакиада өтті. Облыс көлемінде 52 (26 олимпиадалық, 26 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.

Өңір спортшылары спорттың 52 түрі бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 215 – алтын,174 – күміс, 237 – қола медаль жеңіп алды. Биыл 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 ҚР спорт шебері, 116 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Ал, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен ҚМДБ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Түркістанның руxани керуені" тақырыбындағы кездесу облысымыздың барлық аудандарында өтті.

Кездесудің басты мақсаты – өңірімізден шыққан елімізге танымал өнер жұлдыздарын, спорт шеберлері мен дін өкілдерін халықпен жүздестіріп, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өзге діни ағымдардан аулақ бола отыра қазақи салт-дәстүрімізді қатаң сақтауды насихаттау болып табылады.

«Түркістанның рухани керуені» деген атпен кездесу Түркістан облысының барлық дерлік аудан, қалалалырында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жергілікті жастар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, еркін форматтағы сұхбат өрбіді. Айта кетейік,«Түркістанның рухани керуені» кездесуі ертең, 28 қараша күні Түркістан қаласы ХҚТУ мәдениет сарайында өтетін болады.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Түркістанның руxани керуені" тақырыбында брифинг өтті.

Брифингтің басты мақсаты - облыс тұрғындарының мәдени және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша облыс тұрғындарын ақпараттандыру. Шараны жүргізген облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Абуов тұңғыш рет қолға алынған жобаға тоқталды. 

«Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған «Түркістанның рухани керуені» тақырыбындағы кездесу 27 қараша күні бірқатар қала, аудандарда, 28 қараша күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізуді жоспарлап отырмыз» деп атап өтті. Кездесудің басты қонақтарының қатарынан республикаға танымал спортшылар мен өңірімізден шыққан өнер жұлдыздары табылды. Олар аталған рухани керуеннің көшін бастап, облысымыздың барлық аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырмақ.

Брифинг барысында еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Ақжүрек Таңатаров, Мьянмада өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов, «Қазақстан барысы" Жұманазар Ерсұлтанов сөз сөйлеп, аталған шараның жастар мен облыс тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталды. «Жаңа жоба аясында біз аудан қаладағы жастармен кездесеміз. Өзіміздің ағалық ақылымызды айтып, дұрыс жолға балаларды бағыттаймыз. Бұл кездесулер соңында әр ауылдан 4-5 спортқа әуес жастар шықса біздің нәтижеміз осы деп білемін" деді Ақжүрек Таңатаров. Сондай-ақ брифингте республикаға танымал спортшыларБАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, тұшымды пікір алмасты.

Өңірде «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне жастар мен әйелдер және белсенді азаматтар тартылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының активінде белгілі болды.

Маңызды жиынға облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық жасап, жүргізіп отырды.Актив отырысында 2019 жылдың 25 қарашасында Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтыңтөрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу барысында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Елбасы қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басып, партияға маңызды тапсырмалар жүктегенін айтты. Өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, жыл басынан бері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары – фракция мүшелері түрлі мәселелер бойынша биыл 10 айда 637 жеке қабылдау жүргізіп,1241 азаматтың мәселелері қаралған. 10 айда партия филиалдарының 17 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7047 арыз түсіп, оның 3297-і (46,7%) оңтайлы шешілген.

«Қабылдауларда басшылар тарапынан көзбояушылық пен сырғытпа жауапқа жол берілмеуі үшін әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Осы жұмыстар нәтижесінде тұрғындардың партияға сенімі арта түсті деуге болады. Партияның кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу пилоттық жобасы бойынша Түлкібас ауданы республикада алдыңғы қатардан көрінді. Бұл жобаны барлық аудан, қалаларда өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы арқылы біз қарапайым елдің арасынан мемлекетке шынайы жанашыр, отаншыл, белсенді азаматтарды қатарымызға қосып, мәслихаттарға ұсынамыз. Партия төрағасы осындай міндет жүктеп отыр», – деген ол депутаттар мен басшылардың жауапкершілігін көтеру жөнінде де ұсыныстарын айтты.

Жиында Түркістан облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевтің баяндамасы тыңдалды. Сонымен бірге жарыссөзге шыққан «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі Мұрат Төлтебаев, Түлкібас аудандық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Фарида Пралиева және «Кентау трансформатор зауыты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Хайрулла Қожабаев та пікірлерін айтып, партияны жаңғырту бағытындағы жұмыстарды қолдайтындарын жеткізді.

Актив отырысын облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қортындылады. Ол Елбасы,«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінде берілген тапсырмалары бойынша жұмыс күшейетінін мәлімдеді. Партияны қайта жаңғырту бағытында елге жанашыр, нағыз көшбасшы азаматтарға мүмкіндік берілетінін айтты.

«Партиялық праймеризді түсіндіру және дайындық жұмыстары бойынша семинарлар өткізілсін. Нақты жергілікті мәселелерді есепке ала отырып, сайлауалды бағдарламаның жобасы әзірленуі тиіс. Партия филиалы партиялық кадрлық резерв құрамын жаңа талаптарға сай жасақтап, 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынсын. Жаңа тізімде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Сонымен қатар қоғамның белсенді өкілдері де резервке алынсын. Партияның жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестері, бақылау комиисиялары жұмысты ширатсын. Партияны қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасады», – деген облыс әкімі Арысты қалпына келтіруде, Түркістанды түлетуде барша аудан, қалаәкімдіктері жұмыла жұмыс істегеніне алғыс білдірді.Елбасының Түркістанға дегенықыласы мен қамқорлығы айрықша екеніне тоқталды. Жиын соңында ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай, бір топ азаматқа Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхатын, ал жаңадан қабылданған 4 азаматқа партия билетін тапсырды.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды