• Басты
  • Түркістан облысында жаңа бағдарлама жасақталып жатыр
20 Қаңтар, 2020 17:04

Түркістан облысында жаңа бағдарлама жасақталып жатыр

Түркістан облысында жаңа бағдарлама жасақталып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен аппарат жиналысында ортаға салынды.
Түркістан облысында жаңа бағдарлама жасақталып жатыр

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жаңа бағдарлама пайда болды. «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы өңірде өмір сүріп жатқан көмекке аса мұқтаж жандарға демеу болмақ. Бұл шара мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан мұндай отбасыларға жан- жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейліктің шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Олармен аудан, ауыл әкімдері тікелей жұмыс жүзгізетін болады.

Жоқшылықта өмір сүріп жатқан жандарға жергілікті қазынадан елімізде бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріндегі қаражат бөлініп, отбасының еңбекке қауқары бар мүшелері жұмысқа тартылады. Оларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылмақ. Оның құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер де қосылады. Аталған шараға демеушілер де атсалысады. Жиында облыс басшысы көмекке аса зәру жандардың аяқтан тұруын бақылауда ұстап, ондай отбасыларды жеке аралайтынын қадап айтты.

Мәжіліс барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы жайлы айтылып, облыстың білім саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Өңірде дарынды балаларға арналған 8 ауданда мектеп ашу мәселесі шешілуде. Бес колледж «Жас маман» жобасына еніп, оларды негізгі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге республикалық бюджет есебінен 1,6 млрд. теңге қаржы бөлінген. 3 колледж сенімгерлік басқаруға берілуде. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын 20 мыңға артады. Осыған орай бірқатар аудандарда жаңа білім ұясын салу мәселесі өзекті. Компьютермен қамтамасыз ету жағы да шешуді талап етеді. Сондай-ақ, мектептерде қосымша білім беру мақсатында спорт үйірмелері мен Оқушылар сарайлары ашылады. Аймақ басшысы барлық аудан әкімдеріне білім саласына көңіл бөліп, маңызды мәселелерді шешуді тапсырды.

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды