• Басты
  • Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бес мобильді ХҚО көмек көрсетуде
6 Мамыр, 2020 13:17

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бес мобильді ХҚО көмек көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен Мақтаарал ауданындағы тасқын судың зардабынан эвакуцияланған тұрғындарға құжаттарын қалпына келтіріп, көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ апат аймағына жіберілді, деп хабарлады Strategy2050.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ  баспасөз қызметі.
Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бес мобильді ХҚО көмек көрсетуде

Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан 24 эвакуациялау пунктерін кезекпен аралайды. Мамандар зардап шеккен жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша құқықтық кеңес беріп, құжаттарын қалпына келтіру үшін өтініш қабылдайды. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен және басқа да атқарушы органдармен жедел түрде ықпалдасу ұйымдастырылған. Мобильді топ бірінші жұмыс күні 150-ден аса адамға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес берді. Эвакуациялау пунктерінде мамандар мақтааралдықтардың жоғалған құжаттарын қайта рәсімдеуге өтініштер қабылдап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Арыс қаласындағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты төтенше жағдай кезінде де мемлекеттік корпорация қызметкерлері жұмысын тоқтатпай, жергілікті әкімдікпен бірлесе штабтарда, далалық жағдайда апаттан зардап шеккен азаматтардың құжаттарын ретке келтіру үшін үздіксіз қызмет етті. Төтенше жағдай кезінде арыстықтарға ХҚО мамандары 17 мың қызмет көрсетті.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды