• Басты
  • Түркістан облысында мұнай мен көмірді терең өңдеу өндірісі іске қосылады
26 Мамыр, 2020 11:17

Түркістан облысында мұнай мен көмірді терең өңдеу өндірісі іске қосылады

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында мұнайды терең өңдеу арқылы,  мұнай-химия және көмірхимиялық комбинат өнімдері алынатын екі жоба жүзеге асырылады. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданға жұмыс сапары барысында Қазақстан бойынша осы бірегей жобалармен танысты, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

 


Түркістан облысында мұнай мен көмірді терең өңдеу өндірісі іске қосылады

"Standart Petroleum & Co" ЖШС жүзеге асырғалы отырған мұнай-химия комбинатын салу жобасына жалпы соммасы 95 млрд. теңге инвестиция тарту және 800-ден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Инвестициялық құны шамамен 11,15 млрд. теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңін іске асыру жұмыстары күзде басталады. Кәсіпорынның өнім шығару қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаға дейін дайын өнімді құрайды. Жобаның дәл сонша қуаттылықта өнім шығаратын екінші кезеңін 2021 жылы іске асыру жоспарланған. 

Айта кету керек, бұл Қазақстанда салынатын алғашқы мұнай-химия комбинаты болмақ. Яғни, мұнда АИ-92, АИ-95 маркалы бензинді өндіруден басқа, мұнайды терең өңдеу арқылы мұнай-химия өнімдері алынады.

Сондай-ақ, кәсіпорында қуаты сағатына 35 мВт электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Бұл өндіріс орнының өз қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да шығаруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, жобада мұнайды терең өңдеудің ерекше технологиялары қолданылады.

Мейіржан Мырзалиев сондай-ақ «Стандарт Ресурсис»  ЖШС көмірхимиялық комбинатында болды. Аталмыш жоба аясында 1,5 млрд. теңге инвестиция салынып, 60 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Зауытта жыл сайын 30 мың тоннаға дейін тас көмірді қайта өңдеуге болады.

Жобаның бірегейлігі - Еуро 5 стандартты АИ-92 және АИ-95 маркалы пеш және мотор отынын өндіруге, түрлі майлар мен құрылыс саласына арналған материалдарды шығаруға мүмкіндік береді.

Комбинат осылайша дайын өнім шығаруды жолға қойған. Ал, жобаны ресми іске қосу ағымдағы жылдың маусым айына белгіленген. Аталған жобалардың негізгі мердігері-мұнай химиясы саласындағы нарық көшбасшыларының бірі болып табылатын ресейлік "ЭТН Циклон" компаниясы.

Айта кету керек, бұл жобалар кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында «Turkistan Invest» Экспорт және инвестиция тарту жөніндегі аймақтық агенттігі»  ЖШС-ң қолдауымен жүзеге асырылуда. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды