- Басты
- Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге
Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың төрағалығымен арнайы құрылған жұмыс тобы әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі жұмыстар атқаруда. Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласында әлеуметтік нан бағасын бақылауға арналған рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Шара аясында сала мамандары мен БАҚ өкілдері Түркістан қаласында бірнеше маркеттер мен әлеуметтік дүкендерді аралады. Ондағы әлеуметтік нан мен азық-түлік бағаларымен танысты. Рейд барысында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан шараларды баяндады.
«Қазіргі таңда Түркістан қаласына бидайды төмен бағамен жеткізу жөнінде келіссіздер жүргізілген. Сондай-ақ, жергілікті «Ақжол» ЖШС наубайханасымен келісім-шарт жасалды. Наубайхана күніне 25000 дана нан өнімін даярлап, қала сұранысының 80 пайызын қамтып отыр. Әлеуметтік нан өндіру үшін наубайхана арзандатылған 1-сұрыпты бидай ұнымен қамтамасыз етілетін болады. Өндірушілерге арзан бағадағы шикізатты жеткізе отырып, әлеуметтік нан бағасын тұрақтандырып отыратын боламыз. Күнделікті 1-сортты ұннан жасалған әлеуметтік нан Түркістан қаласындағы 20 сауда орнында (әлеуметтік дүкендер, «Шапағат», «Береке» сауда үйлері) 75 теңгеден сатылуда. Ал облыс бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге көлемінде. Мамандар нанның салмағын да қадағалауда ұстап отыр», - деді Нұрлан Мархабатұлы.
Шара аясында Түркістан қаласындағы азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер де таныстырылды. Түркістан облысы бойынша Тұрақтандыру қорының басқарма директоры Марал Марасилов жергілікті тұрғындар арзан бағада азық-түлік алулары үшін Түркістан қаласында 8 әлеуметтік дүкеннің жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
«Біздің қорымызда 14 әлеуметтік дүкеннің 8-і жұмыс істеуде. Алдағы уақытта қалған дүкендерді іске қосатын боламыз. Әлеуметтік 19 тауардың бағасын тұрақтандыру үшін жұмыстар атқарылуда. Жалпы қазіргі таңда қоймада 12 мың тонна өнім бар. Бұл қор бағаны қалыпты ұстауға жеткілікті. Ал әлеуметтік нан бағасын көтермеу мақсатында наубайханаларға арзан бағада ұн, субсидия беруді қолға алып жатырмыз», - деді Марал Марасилов.
-
Қызылорда облысында 27 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы атанды
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
10 Желтоқсан 2019, 15:31
-
Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып, мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:51
-
А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:29
-
Алматы облысында қаруды сақтау тәртібін бұзудың 400-ге жуық дерегі анықталды
«Учаске» республикалық жедел алдын алу іс шарасы барысында Алматы облысының полицейлері қаруды тіркеу және оны сақтау ережесін бұзған 385 тұлғаны анықтады.
04 Желтоқсан 2019, 11:42
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға артты
2019 жылдың он айындағы қорытынды бойынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға өскен. Бұл туралы "Азық-түлік тауарлары бағасын тежеу бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары" туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 17:48
-
Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артты
2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артқан. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде обыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:14
-
"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды
Диснейдің "Мұзды өлке 2" мульфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Бұл - "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 33-өнімі. Аталған жобаны қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы "Мұзды өлке 2" анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімінде "Болашақ" қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:08
-
Түркістан облысының даму ахуалы қалай жүзеге асырылуда
Түркістан облысы қарқынды дамып келе жатқан басты облыстардың бірі. Өңірде жаңа технологиялар кіріктіріліп, рухани іс-шаралар да жиі өткізіліп тұрады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 15:21
-
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәжілісінде облыс басшысы Серікбай Трұмов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 11:11
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Түркістанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті
9 желтоқсан - «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» деп белгіленген болатын. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан облысы әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер» тақырыбында Түркістанда алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы» өтті.
22 Қараша 2019, 15:50
-
Қарағанды облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
Қарағанды облысының әкімдігінде азаматтарды қабылдау күні өтті. Облыс басшысына өңірдің тұрғындарынан 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Тілек білдіруші азаматтардың барлығы Жеңіс Қасымбекке және облыстық басқармалардың басшыларына тікелей хабарласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
22 Қараша 2019, 11:30
-
Ташкент пен Түркістан ынтымақтастық меморандумға қол қойды
Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды.
21 Қараша 2019, 18:16
-
Алматы облысында құны 860 млн доллар болатын 13 меморандумға қол қойылды
Биыл Қазан айында өткен халықаралық инвестициялық "Jetisu Invest - 2019" форумында Алматы облысында құны 860 млн доллар болатын 13 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Алматы облысының 2019 жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәжісінде облыс басшысы Амандық Баталов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
19 Қараша 2019, 13:42
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды