• Басты
  • Түркістан облысында коммуналдық қызметтерді өтеуге өтінім беретін бот іске қосылды
15 Мамыр, 2020 10:15

Түркістан облысында коммуналдық қызметтерді өтеуге өтінім беретін бот іске қосылды

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан облысында коммуналдық қызметтер үшін төлемдер өтелетін болады. Төлемдерді өтеу келесі санаттарға жататын азаматтарда немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінде коммуналдық қызметтердің дербес шоттары болған жағдайда, карантин енгізілген аумақтағы елді мекендерде жүзеге асырады, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Түркістан облысында коммуналдық қызметтерді өтеуге өтінім беретін бот іске қосылды

Төмендегі санаттарға жататын азаматтар өтініш берген  коммуналдық қызметтерді жеткізушімен шарт осы отбасы мүшелерінің бірінің атында болуы тиіс. Атап айтқанда, 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; көпбалалы отбасылар; ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер жатады. 

Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу үшін тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) «Telegram» мессенджері арқылы «SmartTurkistanBot» боты арқылы немесе аудандар мен қалалардағы call-орталықтар арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және коммуналдық қызмет бойынша дербес шотының деректерін ұсына отырып, өтініш бере алады.

Жоғарыдағы аталған санаттарға жататын тұтынушыларға 15 мың теңгеден 2 ай (сәуір, мамыр) мерзімі үшін төлем жүргізілетін болады. Аталған көмекті алуға өтінім білдіру мамыр-маусым айлары аралығында қабылданатын болады.

Айта кетейік, Telegram мессенджерінде бот табу үшін іздеу жолында @SmartTurkistanBot теріп, «Бас мәзір» батырмасын басу қажет. Бұл қызмет халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына ғана ұсынылады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды