• Басты
  • Түркістан облысында карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады
26 Маусым, 2020 16:22

Түркістан облысында карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады

Түркістан облысында карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады, деп хабарлады облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады

Түркістан облысында инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай тұр. Сондықтан өңірде карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов мәлімдеді.

Облыста базарлардың жұмыс режимі дүйсенбі-жұма күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтану нысандарының (50 орынға дейін) жұмысы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып дүйсенбі-жұма күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектелген. Бұл нысандарға сенбі-жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.

«Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмыс уақыты таңғы 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін шектелді. Қонақ үйлер мен санаторияларды қоспағанда, халыққа қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (демалыс үйлері, туристік базалар, бассейндер, жағажайлар) қызметіне, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмысына, білім беру орталықтарының, үйірмелер мен балалар түзету кабинеттерінің жұмысына тыйым салынды. Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жұмысы санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, жұмыс күндері таңғы сағат 06.00-ден 10.00-ге дейін және кешкі сағат 17.00-ден 21.00-ге дейін шектелді. Ал сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады», - деді Алдарқұл Райымқұлұлы.

Сонымен қатар, жұмыс күндері супермаркеттер мен минимаркеттер және үйдің жанындағы дүкендер сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетуі тиіс. Сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, балмұздақ, сусын сататын дүңгіршіктер тек жұмыс күндері уақыт шектеуімен (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.

Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда адам көп жиналатын жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды