• Басты
  • Түркістан облысында экспорт көлемі 67 пайызға артты
25 Қыркүйек, 2019 16:06

Түркістан облысында экспорт көлемі 67 пайызға артты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке экспортқа бағытталған компанияларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды тапсырған болатын, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Түркістан облысында экспорт көлемі 67 пайызға артты | Strategy2050.kz

Осыған орай, Түркістан облысында отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Turkistan Invest» фронт-офисі құрылып, инвестициялар тартумен қатар аймақтық экспортты дамытумен белсенді айналысып келеді.

Өңірлік экспорттаушылардың аймақтық кеңесінде айтылған мәліметке сүйенсек,Түркістан облысының экспорты биылғы жылдың 7 айында 413,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,2%-ға артқан. Экспорттың өсуі негізінен Өзбекстанға жеткізілім көлемінің артуымен негізделген.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта фронт-офис облыстағы 49 белсенді экспорттаушы компанияға қолдау көрсетуде.

 «Ірі экспорттаушылар - аймақ экономикасының негізгі қозғаушы күші. Бірақ, сол маңызды кәсіп иелерінің айналым қаражаттарының жетіспеушілігімен, логистикаға тарифтің үнемі көтеріліп тұруымен және мемлекеттік қолдау туралы хабардар болмауымен байланысты бірқатар проблемалары бар. «Бүгін біз өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқыладық. Мәселен, «Kazakh Export» АҚ көмегімен біз экспорттаушыларымызға экспорт алдындағы қаржыландыруды ұйымдастыра аламыз және импорттаушының төлем өтемеуінен сақтандырып, «КИРИ» АҚ көмегімен логистикалық шығындарды төлей аламыз», - деді Мейіржан Мырзалиев.

 

Жиынға қатысқан «Turkistan Invest» фронт-офисі және қаржы институттарының қызметкерлері өз тараптарынан мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз қозғап, «бір терезе» қағидасы аясында қолдау көрсету, жеңілдетілген қаржыландыру, сауда орнын іздеу және тағы да басқа мәселелерді талқыға салды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды