• Басты
  • Түркістан облысында «BIZBIRGEMIZ» акциясы аясында азық-түлік бағасы тқрақтануда
17 Сәуір, 2020 10:41

Түркістан облысында «BIZBIRGEMIZ» акциясы аясында азық-түлік бағасы тқрақтануда

Аз қамтылған отбасыларды қолдау және ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында Келес ауданы орталығы Абай ауылындағы «ӘУЕС» ЖШС-інің базары маңынан «Әлеуметтік дүкен» ашылып, 1 қап ұн бағасы 6500 теңгеден, 1 келі картоп 80 теңгеден және пияз 95 теңгеден сатылуда, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында «BIZBIRGEMIZ» акциясы аясында азық-түлік бағасы тқрақтануда

Игі іс «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылуда. Төтенше жағдайға байланысты қолға алынған республикалық «BIZBIRGEMIZ»  акциясы жергілікті кәсіпкерлер тарапынан халыққа көмек көрсетуде де қолдау тапты. 

«ӘУЕС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  демеушілігімен ауданда аз қамтылған аса мұқтаж 75 отбасына 1 қап ұннан беріліп, 1000 дана тегін бетперделер таратылды.

Айта кету керек, елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, «BizBirgemiz» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының үйлесімді жұмысының арқасында демеушілердің есебінен аудандағы 300-ден астам көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік, ұн және 6000-нан астам тегін бетперделер үлестіріліп, қайырымдылық көмек көрсетілген.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды