• Басты
  • Түркістан облысында 20 отбасы пәтерлі болды
28 Қазан, 2019 09:48

Түркістан облысында 20 отбасы пәтерлі болды


Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жасқа толуына орай өткен дүбірлі тойға ҚР Премьер-Минстрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Аудан орталығы Темірлан қаласындағы  Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген билік басшылары халыққа құттықтауларын жеткізді.
Түркістан облысында 20 отбасы пәтерлі болды

«Қазақ рухының қағбасы -Ордабасы» мерекелік шарасында түрлі бағдарламалар ұйымдастырылған. Қонақтарға «Алтын күз» айдары бойынша ұсынылған  ауылшаруашылығы өнімдерінің, қол өнер шеберлерінің және түрлі ұлт өкілдерінің көрмесі ұсынылды. Азулы айтыскер ақындар додаға түсіп, өзара бақ таластырды. Тарихқа тұнған, тағылымы мол Ордабасы туралы ғылыми –танымдық конференция өтті. Көпшілікке «Күш атасын танымас»  ұлттық спорт ойындары көрсетілді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданының әйгілі 10 азаматын «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен марапаттады. Сондай- ақ, атаулы мерекеге орай аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйден көпбалалы және аз қамтылған 20 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді. Мерекелік іс - шара ҚР эстрада жұлдыздарының шеруімен жалғасты.

Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсылары бас қосқан. Алаш жұртының пәтуаға келіп, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске бірігуі тұтас елдің тағдырын шешкен тарихи оқиға болатын. Осы кезден бастап ол киелі, әулиелі жер саналып келеді. Бүгінде ауданда 120 мың халық тұрады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды