• Басты
  • Түркістан облысында 10 жылда 19 мың жоба қаржыландырылды
2 Қазан, 2019 12:29

Түркістан облысында 10 жылда 19 мың жоба қаржыландырылды


Түркістан облысында ауылдағы кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында 2009-2019 жылдар аралығында 62,4 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 19 136 жобаны қаржыландырылды. Бұл туралы аймақта өтіп жатқан Ауыл әйелдері форумында «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Қансейіт Ақмарал Байсейітқызы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Түркістан облысында 10 жылда 19 мың жоба қаржыландырылды | Strategy2050.kz
«2009-2019 (6 айы) жылдар аралығында "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы 62,4 млрд теңгеден астам сомаға 19 136 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 44 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның 18,5 млрд теңгесі сырттан тартылып, жергілікті бюджетке 1,4 млрд теңгеден астам салық төленді», - деді ол.

  Оның айтуынша, "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы он жылдан бері ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау және дамыту үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, аталған орталық банктер мен басқа да қаржы институттары іс жүзінде жұмыс істемейтін өңірлерде ауыл кәсіпкерлерінің жобаларын қаржыландырып келеді.

  «Біз олардың жобаларын іріктеу кезінде мал шаруашылығы, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу, индустрияландыру картасының және индустриялық аймақтардың жобалары, жылыжайларға қатысты жобаларға басым бердік. Мәселен, мал шаруашылығы саласындағы 11 004 жобаға 27,6 млрд теңге, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 6 768 жобаға 10,7 млрд теңге берілді. Ал, индустрияландыру картасының және индустриялық аймақтардың 36 жобасына 7,7 млрд теңге, жылыжайларға қатысты 389 жоба таңдалып, 3,3 млрд теңге берілді», - деді ол.

 Бұдан бөлек, Ақмарал Байсейітқызының айтуынша, «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы құрылтайшысы болып табылатын "Ырыс" МҚҰ" ЖШС мемлекеттік бағдарламаларды белсенді түрде іске асыруда.

 «Нақтырақ айтқанда «Ырыс» МҚҰ» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жол картасы мен жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламаларын жүзеге асырып отыр. 2016-2018 жылдары жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 1 469 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде әйелдер 1,3 млрд теңгеге 379 несие алған. Бұл ол атап өткендей, жалпы қаржыландыру сомасының 27% құрайды», - деді ол.

 Сонынмен қатар, ол ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтасының жоғары екенін атап өтіп, ауыл бизнесінің табысты әйелдері мен көрнекі жобаларға тоқталды. Сондай-ақ, оның айтуынша, жоғарыда аталған 19136 жобаның 22% нәзік жандыларға тиесілі екендігін айтты.

 «Компаниямыздың тарихында қаржыландырылған 19136 жобаның 22%-ы бұл ауыл әйелдерінің жобалары. Қуантарлығы, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда, 2%-ға өсті. Ал Ауыл бизнесінің табысты әйелдер ретінде жеке кәсіпкер Халикова Лязакат, Жолдасбекова Гульнара секілді кәсіпкерлерді атап өтуге болады. Мәселен, жеке кәсіпкер "Халикова Лязакат" - шұжық өнімдерін өндіреді. Оның кәсібін қаржыландыруға 15 млн теңгеге берілді. Сонымен қатар, ол алғашқы 5 млн теңгеге жуық несиесін уақытында қайтарып берді. Қазіргі уақытта 6 адам жұмыс істейді», - деді ол.

 Сондай-ақ, Ақмарал Байсейітқызының сөзіне сүйенсек, ауыл әйелдері кәсіпкерлері арасында өндірген технологиясын шетелге экпорттайтын да компания бар.

 «Жолдасбекова Гульнара деген кәспкер өндірістің жаңа технологиясы бар сұйық тас өндіреді. Компанияда маусымына 35 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, айта кету керек, Израиль, Өзбекстан елдерінде технологияны экспорттайды. Қазіргі таңда Әзірбайжанға өндіріс технологиясын экспорттау жоспарлануда. Тағы бір "Pallant Trade" ЖШС консервілі бұқтырмаларды өндірумен айналысатын компания Тәжікстанның импорттауышымен 1 млн доллар сомаға жылдық келісім-шарт жасасқан. Қазіргі уақытта компания қызметкерлер санын 35-тен 100 адамға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр», - деді ол.

   Сонымен қатар, ол көп балалы әйелдерді қолдау үшін «Кәсіпкер ана» бағдарламасы әзірленгенін атап өтті.

   «Биылғы жылдың наурыз айынан бастап жоғары сомасы 2 млн теңге болатын жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 1% болатын көпбалалы кәсіпкер аналарымызды қаржыландыра бастадық. Бүгінгі күні жалпы сомасы 28 млн теңгеге «Кәсіпкер ана» бағдарламасы аясында 14 жоба қаржыландырылды», - деді ол.

 Бұдан бөлек, ол өңірлік деңгейде жаңа мүмкіндіктер ашуда фермерлік шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет екенін айтып, бірнеше ұсыныстар ұсынды.

 «Білім және ғылым секторының фермерлік шаруашылықтармен және ауыл шаруашылығы өндірушілермен өзара іс-қимылының күш-жігерін біріктіру керек. Өңірлік деңгейде ауыл шаруашылығы саласында зерттеу жұмыстары іс жүзінде жүргізілмейді. Ғалымдар мен сарапшыларға АӨК-ге белсенді қатысуға мүмкіндік беріп, зерттеулері арқылы өнімділікті арттыруға жағдай жасалуы керек. Қазіргі уақытта "Оңтүстік" АИО ОҚМУ-мен белсенді ынтымақтастық жүргізуде. М. Әуезов және Шымкент аграрлық колледжі мәселелері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру қажет», - деп атап өтті Ақмарал Байсейітқызы.

Сондай- ақ, оның айтуынша, жастар мен жас кәсіпкерлердің шағын, стартап, жаңа жобаларын қаржыландыру қорын ашу керек.

 «Бүгінде өңірлерде жаңа жобаларға "ұзын" қаржыландыру жетіспейді. Себебі ресурстар шектеулі және несие беру мерзімі мен жоғары пайыздық мөлшерлеме құны жоғары. Қаржыландыру жаңа фермерлік бастамалар мен жобаларды өсіру үшін жаңа балама бола алар еді», - деді.

Сөз соңында аталған орталықтың болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, тиімді қызмет үшін қаржыландырудың жаңа бағыттарын көбірек зерттеу қажеттігін атап өтті.

 «Жаңа технологияларға ие шетелдік инвесторларды қоса алғанда, бюджеттік және жеке қаражатты тарту есебінен біздің ұйымымызды капиталдандыруды ұлғайтуды көздеп отырмыз», - деп аяқтады сөзін.

 Айта кетейік, Түркістан облысында "Фермерлік шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары " атты тақырыппен Түркістан облысының ауылдық әйелдер форумы өтіп жатыр. Форумның мақсаты - ауылдар мен ауыл аймақтарының тұрақты дамуы, ауыл халқының жұмыспен қамтылуын және табысын арттыру, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға бағытталған.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды