- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев ҚР Президентінің тапсырған міндеттемелерінің орындалу барысымен таныстырды. Облыстың бас қаласы Түркістан қаласының инфрақұрылымы, газдандыру мәселесі, тұрғын-үй мен Түркістан қаласы дамуының 2-кезең жоспары туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.

Түркістан облысы тәуелсіздік жылдары
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тәуелсіздік жылдарында жалпы халықтың әл-ауқаты жақсарғанын айтып өтті. Соның ішіндн Түркістан облысында ірі экспорттаушыларға айналған «Кентау трансформатор зауыты», «ҚазақБитум», «Күйдірілген кірпіш өнімдерін шығаратын Бөкей», «Нимекс мақта тазалау зауыты», «Мақта өңдеу зауыты», «Ордабасы құс фабрикасы», «Құрғақ түйе ұнтағын шығаратын Golden Camel», «Балық өнімдерінің өндірісі Хамит и К», «DalaFruit» сияқты компаниялар құрылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл экономикалық өсімнің жарқын көрсеткіші.
«Бұдан басқа 300-ге жуық кәсіпорын ашылып, онда 23 мыңға жуық адам жұмыс атқаруда. Индустриализациялау картасы аясында 2010-2020 жылдары 140 миллиард теңгеден астам қаржыға 122 жоба іске асты. 7 340 тұрақты жұмыс орны ашылды», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, ол газ, су, электр энергиясы секілді жүйелі мәселелер шешімін тапқанын жеткізді. Мәселен, жеке сектор дамып, өнеркәсіптің құрылымы өзгергенін айтып өтті. Әкімнің айтуынша, ең қиын экономикалық кезең артта қалған.
Шағын орта бизнес
Облыс әкімі шағын орта бизнесте тәуелсіздік алған жылдары көптеген зауыттар тоқтап қалып, нарықтық қоғамға өтіп, сауда және бизнес жасауға жол ашылғанын атап өтті. Нәтижесінде, кәсіпкерліктің саны 30 жылдың ішінде 1,4 миллионға жеткен. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан кейін Түркістан өңірінде жұмыс істеген. Қолдау бағдарламалары арқасында облыстағы кәсіпкерлер 282 млиллиард теңгеге жеңілдетілген несие алған.
«41,7 миллиард теңгеге 310 жоба мақұлданып, жобалар саны бойынша өңірлер арасында көш бастады. Ал, әлеуметтік қолдау саласындағы реформалардың арқасында 30 жыл ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі 60,9%-дан 10%-ға дейін қысқарды», - деді облыс әкімі.
Жұмыссыздық деңгейі төмендеген
Сондай-ақ, ол аз қамтылған отбасылар үшін 1997 жылы тұрғын үй көмегі, 2002 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек, 2006 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы енгізілгенін атап өтті. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 14,3%-дан - 5,1%-ға дейін, ал жастар арасында 16,2%-дан 3,7%-ға төмендеген. Ол облыстағы тұрғындар үшін елеулі және айтулы ірі жобалар жөнінде айтты. Оның айтуынша, Сырдария өзенінен «Тәуелсіздік көпірі» салынған. Бұл көпірдің маңыздылығы - Өзбекстанмен шекаралас орналасқан Жетісай және Мақтаарал аудандарын республикалық А-15 автожолымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік берген. Бұған қоса, Жетісай мен Мақтаарал халқын Шардара су қоймасы арқылы облыс орталығымен байланыстыратын «Арнасай айналма жолы» пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Ташкент, Алматы және Қызылорда бағытында «Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік көлік дәлізі» салынған.
«Қазір біз осы магистральға үйреніп қалдық, бұл жолдағы жүк айналымы 2,5 есеге артқанын адамдар көп біле бермейді және ол біздің көптеген тұрғындарымыз үшін табыс көзіне айналған», - деді облыс басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, тәуелсіздік жылдары жалпы облыс аумағында 8 000 шақырымнан аса автомобиль жолдары мен елді мекен көшелері және 71 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, халықтың игілігіне берілгенн. Нәтижесінде, қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 87%-ға жеткен.
Сондай-ақ, ол Сырдария бойындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін «Көксарай су реттегіші» іске қосылғанын айтып өтті. Бұл жоба өзенінің бойындағы ауылдарды су басу қаупі мәселесін шешіп қана қоймай, экологиялық жағдайға да әсер еткен. Сонымен қатар, бұл жерде қосымша 38 мың га лимандық жайылым жер пайда болып, аумағындағы аудандарда мал саны 2 есеге көбейген.
«Ең басты байлығымыз - халқымыздың саны өсті. Мегаполиске айналған Шымкент қаласы қанатын жайса, Түркістан облыс орталығына айналды. Бұл - Тәуелсіздіктің айтарлық бір жемісі деп санаймыз», - деді ол.
Облыс әкімі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігер киелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орын тепкен қасиетті мекен бүгінде рухани және мәдени, туризм кластеріне үлкен сұранысқа ие болып отырғанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, дамудың жаңа сатысына көтерілген Түркістанның жаңа мәдени-әлеуметтік және әкімшілік орталығында түрлі ғимараттар бой түзеп келеді.
Өңірдегі коронавирус індеті
Облыс басшысы коронавирус індеті бойынша өңірде вирустың таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде орасан жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс коронавирустың таралу қарқыны бойынша жыл бойы «жасыл аймақта» болған елдегі жалғыз аймақ.
«Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жұқпалы ауруханаларда дүрлікпе жоқ, төсек-орындардың көпшілігі бос. Вируспен одан әрі күресу үшін өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі - жаңа көпсалалық аурухана салу», - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, ол аймақта жаппай вакциналау науқаны аяқталуға жақын екенін айтып өтті. Оның дерегінше, облыста миллионнан астам тұрғын COVID-19-ға қарсы екпе алған.
Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталды
Облыс әкімі соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланғанын айтып өтті. Оның мәліметінше, соңғы 3 жылда 536 жоба іске асып, оның 251 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылған. Соның ішінде, Халықаралық әуежай, Әкімшілік-іскерлік және Рухани- мәдени орталықтары салынды, оларды өзара байланыстыратын Б.Саттарханов даңғылы қайта жөндеуден өткен. Сондай-ақ, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған.
«Газ мәселесін айтатын болсақ, бұған дейін табиғи газбен қамту деңгейі 26% болса, бүгінгі таңда қала аумағын көгілдір отынмен 100% қамтамасыз етіп отырмыз Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, арнайы Жасыл белдеуді құрып, қазіргі таңда 13 мың га жерге 3,5 млн. түп ағаш егілді», - деді Өмірзақ Шүкеев.
Сондай-ақ, ол Түркістан қаласында халық 100% таза ауыз сумен қамтасыз етілмегенін айтып өтіп, осы мәселерді шешу мақсатында бірінші кезекте халықты ауыз сумен қамтамасыз етуды қолға алынғанын жеткізді. Оның дерегінше,ағын су жағдайы бойынша. Түркістан қаласына 234 миллион текше метр ағын су жетіспейтін болатын. Оның себебі – бар суды жинап, толықтай Түркістанға дейін жеткізу мәселесі қолға алынбағанын айтты.
«Ғалымдармен, ауыл ақсақалдарының пікірлерін тыңдай келе, Түркістан қаласына 248,8 млн. текше метр ағын су жеткізудің жолын таптық. Олар «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы арқылы 60 млн.м3 су үнемделеді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады», - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, жаңадан «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасын салу арқылы 31,0 миллион м3 ағын су жеткізілетінін атап өтті. Нәтижесінде, қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 26 метрге дейін көтеріліп, 90% бетонмен қапталған.
Түркістан қаласы дамуының 2-кезеңі жоспары
Облыс әкімінің айтуынша, ол 4 аумақта жүзеге асырылатын болады:
1. Аэропорт аумағы: 12 жоба іске асырылады. Оның ішінде, 100 орындық қонақ үй, 3 самолетке арналған ангар, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.
2. Әкімшілік-іскерлік орталығы: 57 жобаны салу жоспарлануда. Атап айтқанда теннис орталығы, мұз сарайы, ат- спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы.Сондай-ақ, 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 570 орындық көп бейінді аурухана, жедел медициналық жәрдем станциясы, және Ана мен бала орталығы салынады.
3. Б.Саттарханов даңғылы: спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га универститеттік ботаникалық бақ.
4. Мәдени-рухани орталық: Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Керуен Сарай тұрғын үй кешені, Аманат коттеджі қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Хилует мәдени- рухани орталығы салынады. Жалпы, Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар болып табылады. Жаңа кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жеткізіледі.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау

