• Басты
  • Түркістан: Эвакуацияланған 17 мың тұрғын үйлеріне қайтарылады
4 Мамыр, 2020 18:14

Түркістан: Эвакуацияланған 17 мың тұрғын үйлеріне қайтарылады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуацияланған Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары өз үйлеріне оралатын болды, деп хабарлады Strategy2050.kz  Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістан: Эвакуацияланған 17 мың тұрғын үйлеріне қайтарылады

Облыстық төтенше жағдайлар штабы аталған елдімекендерде тасқын судан келетін қауіптің жоқтығын анықтаған. Ал, қалған елдімекеннің тұрғындары қауіп толық сейілгенше уақытша эвакуациялық бекеттерде болады.

Айта кетейік, ауданда тасқын су орын алғануына байланысты Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Соның 17 мыңнан астамы Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары.

 

Барлық жаңалықтар
66.249.70.90, 192.168.88.100