• Басты
  • Түркістан: Барлық кеден бекеттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр
16 Наурыз, 2020 12:03

Түркістан: Барлық кеден бекеттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр

Әлемді алаңдатқан коронавирустың Түркістан облысы аумағына шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында қатаң шаралар қолға алынды, деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі.
 Түркістан: Барлық кеден бекеттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр

Осыған орай, шекаралық өткізу пункттерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Санитарлық дәрігерлер ғимараттарды тазартады. Бұл жұмыстар шамамен 2 сағатқа жалғасады және осы уақытта өткізу пункттері жабылады. Залалсыздандыру жұмыстары әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері жүргізу жоспарланған. Бұл аймақ тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін жасалынып отырған шара.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 6 шекаралық кеден бекеттері бар, атап айтқанда «Қазығұрт», «Жібек Жолы», «Қапланбек», «Сарыағаш стансасы», «Бауыржан Қонысбаев» және «Атамекен». Бүгінгі таңда барлық кеден бекеттері штаттық режимде жұмыс істеуде. Қазір кеден төтенше жағдайдың жаңа деңгейі жарияланды.

Санитарлық бақылау тәулік бойы жүргізілуде. Түркістан облысына Қытайдан және басқа шет елдерден келгендер санитарлық эпидемиологтар мен шекарашылардың арнайы бақылауынан өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, барлық кеден бекеттерінің өткізу пункттерінде тепловизорлық бейне-камералар мен қол өлшеуіштері бар инфрақызыл камералар орнатылған. Олар дене температурасы көтерілген адамды 15 метр қашықтықтан табуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, жүйе монитордағы шекаралық өткізу пункттерінде не болып жатқанын қадағалайтын маманға дабыл береді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды