• Басты
  • Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді
8 Маусым, 2020 09:33

Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

Түркістан қаласына Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеевтің тапсырмасы аясында үш жүк көлігімен гуманитарлық көмек келді, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

Керуенді қарсы алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов өңір тұрғындары атынан алғыс айтты. Арнайы шараға қатысқан Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаев сын сағаттарда бауырлас елдер бір-біріне қолдау білдіру қажеттігін атап өтті.

"Көрші елден 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует келген. Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемелеріне үлестірілмек", делінген хабарламада. 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды