• Басты
  • Түркістанға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді
19 Мамыр, 2020 11:32

Түркістанға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 12 млн теңге көлеміндегі 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті. Ол Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістанға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді

Атырау қалалық партия филиалына қарасты “Дамбы» бастауыш партия ұйымының "нұротандық" балықшылары жалпы жиналысында Мақтааралдың тұрғындарына балық жіберу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бүгін «Амангелді» өндірістік кооперативіндегі (құрылтайшысы Мұрат Әмірғалиев) атыраулық балықшылардың аманаты Мырзашөл өңіріне жеткізіліп, орталық қоймаға қабылданып алынды.

Сонымен бірге, «Транссервис Ақжол» компаниясы атынан азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. Жүк керуенін бастап келген осы компанияның директоры Өтеген Айнабеков атыраулық азаматтар арасында көмектесуге ниеттілер өте көп болғанын айтты.

«Атыраулықтар Мақтааралдағы апатты ауыр қабылдады. "Көмектесемін" дейтін азаматтар көп. Біз Мақтааралмен біргеміз! Ауылдар қалпына келіп, бұдан былай осы киелі Түркістан өңірінің қуаныштары мол болғай», – деді ол.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды