- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген 3 ұлттық жобаны таныстырды. Министрдің мәлімдеуінше, 2025 жылға қарай 418 индустриялық жоба іске асырылады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

3 ұлттық жоба
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандықтардың әл – ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» сияқты 3 ұлттық жобаны әзірленгенін айтып өтті. Аталған «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы индустриялық-инновациялық дамуды, мұнай-газ-химия және энергетика кешенін, геология саласын дамытуды, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді қамтиды.
«Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңге. Бұл ретте 402 млрд. теңге республикалық бюджеттен, 15,5 трлн теңге – жеке инвестиция »,- деді Әсет Ерғалиев.
Министрдің мәлімдеуінше, ұлттық жоба өңдеуші өндіріс көлемін ұлғайту мен өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске асыруды көздейді. Сондай-ақ, ол 1000 белсенді экспорттаушыны сыртқы нарыққа, сондай-ақ 350 экспорттаушыны Alibaba, Amazon, OZON электрондық сауда платформасына шығару жоспарланып отырғанын атап өтті.
«2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі. Кәсіпкерлікті дамытуға келсек, бұл ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа тауашаларды құруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған»,- деді ол.«Кәсіпкерлікті дамыту» жобасы
Оның дерегінше, қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 8,5 трлн. Теңгені құрайды. Соның ішінде, республикалық бюджеттен 1 трлн. теңгеден аса, жергілікті бюджеттен 125 млрд.теңге, жеке инвестиция арқылы 7,3 трлн теңге тарту қарастырылған. Бұдан бөлек ол, ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру жобасы жоспарланып жатырғанын айтып өтті. Министрдің мәлімдеуінше, «Бастау Бизнес» шеңберінде жеке ісін ашқан кәсіпкерлер саны 1,7 есе артады. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылға қарай қысқа мерзімдік кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 55-тен 80%-ке дейін өседі. Ал қаржылай қолдау шарасы кәсіпкерлік субъектілерінің 52 мың жобасына ұсынылады.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы
Министрді айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру негізгі қызметтерге тең қолжетімділікті және елдің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн. теңге, оның ішінде 4 трлн. теңге республикалық бюджеттен, 786 млрд. теңге жергілікті бюджеттен қарастырылады. Бұл қаржы 2,8 трлн. теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
«Ұлттық жоба арқылы тұрғын үй құрылысына 13,5 трлн теңге инвестиция тарту, 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су тарту желісін салу, екінші жол құрылысын салу мен «Достық–Мойынты» учаскесін электрлендіру және «Түркістан – Шымкент–Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралын салу есебінен Қытай-Еуропа-Қытай жолының өткізу қабілетін 5 есе арттыру көзделеді»,- деді министр.
Оның сөзінше, ұлттық жобаларды тиімді іске асыру орнықты экономикалық өсуді 5%-тен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27%-ке арттыруға және еліміз бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.
«Бүгін таныстырылған Ұлттық жобалар еліміздің энергетика, сауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму, экология, геология және табиғи ресурстар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт министрліктерімен, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырылатын болады»,- деп түйіндеді Әсет Ерғалиев.

-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері

