• Басты
  • ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай
20 Қазан, 2020 18:35

ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай

Елімізде жастардың экологиялық бастамаларын қолдауға, сонымен қоса планетадағы өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосуға дайын белсенді жас азаматтардың қоғамдастығын құруға бағытталған «3.2.1.Старт!» жобасы бес жыл бойына жүзеге асырылып келеді. Биыл 5 қазанда жобаның бесінші маусымы басталды. Осыған орай бүгін ZOOM платформасында өткен жиында «3.2.1.Старт!» жобасының үйлестірушісі Асыл Оқапова жобаға қалай өтініш беруге болады, қандай талаптары бар деген сауалға жауап берді. Сонымен қоса жиында эко-белсенді Кирилл Осин БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарындағы (ТДМ) «Таза су және санитария» тақырыбында тренинг өткізіп, суды үнемдеу жолдарымен, экологиялық таза өмір салтын ұстанудағы өз тәжірибесімен бөлісті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай

«3.2.1.Старт!» жастар жобасының мақсаты

Биыл «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТҚ Coca-Cola Icecek Kazakhstan-ның қолдауымен «3.2.1.Старт!» жастар жобасы V маусымының операторы атанған еді. Асыл Оқапованың айтуынша, аталмыш жоба жас қазақстандықтардың экологиялық бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге, сондай-ақ адамзаттың өмір сүру сапасын жақсартып, экологиялық таза өмір сүруге бағыт береді. Сонымен бірге осыған өз үлесін қосқысы келетін жастарды біріктіру.

Жалпы аталған жобаны жүзеге асыру 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «3.2.1.Старт!» жобасы үйлестірушісінің дерегінше, осы уақыт аралығында ұйымдастырушыларға 400 өтініш келіп түскен. Оның 40-қа жуығы инкубациялық бағдарламадан өтсе, ал 10-ы жеңімпаз атанып, өз жобаларын сәтті іске асыру үшін грант ұтып алған.

Жобаға кімдер қатыса алады

«5 қазанда «Өз үлесіңді қос!» ұранымен осы жобаның бесінші маусымы басталды. Жоба аясында бірқатар тренингтер өткізіліп, стартап-жобалар байқауына қатысуға өтінімдер қабылданады. «3.2.1.Старт!» жобасына 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар, колледж, жоғары оқу орындары студенттерін, сонымен қоса өз саласының жас мамандары қатыса алады», - деді Асыл Оқапова.

Оның сөзінше, биыл аталған жоба 5 тұрақты даму мақсаттарын ұстанады. Оларға төмендегілер жатады.

-        №4. Сапалы білім беру

-        №6. Таза су және санитария

-        №7. Қымбат емес және таза энергия

-        №12. Жауапты тұтыну және өндіріс

-        №13. Климаттың өзгеруімен күрес

«3.2.1.Старт!» жобасы өкілінің айтуынша, бағдарламаның ең белсенді қатысушылары бірегей акселерацияға қатысуға, сонымен бірге интенсивті оқу курстарына қатысуға мүмкіндік алмақ. Атап айтқанда, қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша білім алады.

-        жобалық менеджмент

-        қаржы

-        SMM

-        жеке бренд қалыптастыру

-        ораторлық шеберлік

-        жобаға мониторинг жасау

-        нетуоркинг

«Қатысушылар инкубациялық бағдарламадан өтіп, біздің қоғамымыздың дамуына үлес қосудың нақты мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар олар тәлімгерлермен бірге өздерінің стартап-жобаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Осы жобаның жеңімпаздары өз идеяларын жүзеге асыруға арналған грант иегерлері атанады», - деді ол.

Биылғы жылы стартап-жобалар арасындағы байқауға өтініштер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. http://321start.kz/ сайтында. Жобаның әр қатысушысының өзін бүкіл Қазақстанға жариялауға және әлемді сәл жақсартуға мүмкіндігі бар. CCI Kazakhstan қаржыландыру алу үшін сіздің өтініміңіз осы маусымда біз жұмыс істеп жатқан тізімделген 5 мақсаттың кем дегенде біреуіне сәйкес келуі керек.

 

Өтініш беру жолдары

1. Инстаграм арқылы

a)    «3.2.1.Старт!» жобасының инстаграмына жазылу

b)    Өзіңіздің жобаңыз және өзіңіз туралы видеролик немесе қысқаша ақпарат беретін пост жазу

c)    «3.2.1.Старт!» жобасының парақшасын белгілеу

2. http://321start.kz сайтына өтініш қалдыру арқылы

3. Электронды поштаға хабарласу арқылы. Өзіңіз және жобаңыздың идеясын hottline@cci.com.kz поштасына жолдаңыз

«31 желтоқсанға дейін жоғарыда көрсетілген сайттағы бес тақырып бойынша идеяларыңызды жіберіп, грант иеленуге мүмкіндіктеріңіз бар. Бір ескеретін дүние, жоба бес тұрақты даму мақсаттарымен байланысты байланысты болуы тиіс. Сондай-ақ жобаның мақсаты, кімдер қатысатыны, бизнес жоспарын дайындау керек. Арнайы комиссия ішінен іріктейді кейін», - деді ол.

Таза су және санитария

«3.2.1 әлеуметтік жобасы аясында өткен тренингтердің төртіншісі тұрақты даму мақсаттарының бірі «Таза су және санитария» бөліміне арналды. Онда эко-белсенді Кирилл Осин суды үнемдеу, экологиялық өмір салтын ұстанудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Эко-белсенді өз сөзінде бүгінде әлемде миллиондаған адам сапасыз сумен жабдықтаудың әсерінен, сонымен қоса суды дұрыс пайдаланбаудың кесірінен қайтыс болып жатқанын атап өтті. Бұл тек қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қоса эконмикалық, әлеуметтік жағдайға негативті әсер еткенін бас айтты. Әсіресе, оның сөзінше, қазіргідей суды үнемді пайдалану тіптен маңызды болып отыр. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бетперде кию секілді карантин шараларын айтпағанда, адам жиі қолын жууы керек.

Кирилл Осиннің дерегінше, әлем халқының 40 пайызы суға зәру. Сондай-ақ әлемдегі 100 адамның әрбір үшіншісіне таза су жетіспейді. Ал 80 млн адамға қарапайым дәретхана қолжетімсіз, олар сол үшін даланы пайдаланады. Сондықтан да инфраструктураны жолға қоймаса, бұл экожүйенің бұзылуына, адамзаттың денсаулығына қауіп-қатер төндіруі мүмкін.

Сонымен қоса ол БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарындағы «Таза су және санитария» бірнеше мақсаттарды жүзеге асыруды мақсат еткенін еске салды.

«Таза су және санитария» мақсаттары:

1.    Таза және қымбат емес ауыз су. Оның мақсаты – 2030 жылға дейін әлем тұрғындарын таза және арзан ауыз сумен қамтамасыз ету.

2.    Санитарлық-гигиеналық құралдарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. 2030 жылға осы мақсатты жүзеге асыру, әсіресе, әйелдер мен қыздардың, сонымен қоса қоғамның осал топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

3.    Судың сапасын арттыру, қалдық лақтыруды жою.

4.    Суды пайдаланудың тиімділігін арттыру

5.    Су ресурстарына кешенді бақылау жүргізу

6.    Экожүйені қайта қалпына келтіру, күзету қамтамасыз ету

Еске салайық, осыдан бес жыл бұрын қыркүйек aйында БҰҰ-дің 70-ші Бaс Ассaмблеясы шеңберінде БҰҰ сaммитінде 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы күн тәртібін қабылдау бойынша елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзге БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бaсшыларымен бірге Тұрaқты дaму мақсаттaрының (ТДМ) бағдарлары Қазақстанның бaсымдықтары  мен міндеттеріне толық сәйкес келетініне ерeкше көңіл бөліп, ғалaмдық дaмуға арнaлған жaңа құжатқа қол қойғaн еді.

ТДМ азaматтардың өмір сaпасын арттыруға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикaлық  дaмуына  және экологиялық тұрақтылығына бaғыттaлған 2030 жылға дейінгі мaқсaттар мен индикаторлардың кешенді әмбебaп жинaғы.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100