• Басты
  • Тұрғын үй көлемі 3 есеге артады - А.Көлгінов
21 Қазан, 2019 16:53

Тұрғын үй көлемі 3 есеге артады - А.Көлгінов

Жаңа жылдан бастап тұрғын үй көлемі 3 есеге артады. Бұл туралы елорда басшысы Алтай Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысу кезінде айтты, деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты.
Тұрғын үй көлемі 3 есеге артады - А.Көлгінов

Ресми сайттағы мәлімет бойынша, астана әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. 

Сондай-ақ, қала әкімі құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды (Сарыбұлақ өзенінің бойындағы Тілендиев даңғылы). 2020 жылы 530 адам осы тұрғын үй кешенінің кілтін алады деп жоспарланып отыр. Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да берілмек.

"Ғимаратқа барлық инженерлік желілер жүргізілген, аумағы абаттандырылғанда ғана, яғни, толығымен дайын болған кезде ғана үйді пайдалануға беру қажет. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, бюджет қаражаты есебінен тапсырылған пәтерлердің жалпы саны 2400 құрайды. Келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артады", - деді елорда басшысы.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов жаңадан салынған жатақханаларда мұғалімдердің өмір сұру жағдайын көріп, білім беру нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұдан бөлек, № 40, № 8 және № 60 мектептерге де барды.  Оның айтуынша, мектептерде салынып жатқан жаңа ғимараттар үш ауысымды оқытудан екі ауысымды оқытуға көшуге мүмкіндік береді.

"Мектептерде салынып жатқан жаңа ғимараттар үш ауысымды оқытудан екі ауысымды оқытуға көшуге мүмкіндік бермек. Мектептердің шамадан тыс жүктемесін жеңілдетеді және жаңа оқушы орындарымен қамтиды. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл", - деп атап өтті қала басшысы.

Сонымен қатар, ол жаңа жатақханада тұратын ұстаздармен кездесті. 350 орынға есептелген жас мұғалімдердің өмір сүруіне арналған ыңғайлы орталық биылғы жылдың күзінде ашылды. Орталықта шахмат, үстел теннисі, кітапхана, асхана және оқу сыныптары бар. Кездесу барысында мұғалімдер елорда әкімінен 17 мың теңгені құрайтын жалдау құнын төмендетуді сұрады. Бұл идея Алтай Көлгіновтің тарапынан қолдау тапты.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды