• Басты
  • Т.Мамаев: 2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейі 90 пайызға жетеді
28 Мамыр, 2020 16:45

Т.Мамаев: 2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейі 90 пайызға жетеді

2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейін 90 пайызға жетпек. Бұл туралы бюджетке салық төлемдерін жеңілдету, салық төлеудің қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы мақсатында қолға алынған шаралар жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары  Талғат Мамаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Т.Мамаев: 2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейі 90 пайызға жетеді

Комитет төрағасының айтуынша, бүгінге дейін салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейін 80 пайызға жеткен.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары көрсетілетін қызмет цифрландырудың соңғы жылдары бюджетке қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың ыңғайлы және қарапайым сервистерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар жүргізді. 2019 жылдың қорытындысымен бюджетке қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80 пайыздан астамын құрады. 2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейін 90 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді Талғат Мамаев.

Оның сөзінше, бұл деңгейге жету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар қызметті іске қосқан. 

"Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке салықтарды төлеудің ыңғайлы және қарапайым сервистерін іске қосты. Бұл сервистер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу, берешек сомасы, алдағы төлемдер және салық әмияны. Бұл сервистер әртүрлі интернет агрегаторлардың алаңдарында пайдаланылуы мүмкін", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек ол "eSalyq" мобильді қосымшасында "Салық әмияны" қызметі іске қосылғанын атап өтті. 

 "2020 жылғы қаңтар айында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің "eSalyq" мобильді қосымшасында "Салық әмияны" қызметі іске қосылды. Ол көптеген мәліметтерді толтырудың қиындығына байланысты салықтарды дұрыс төлемеу проблемаларын жояды. Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Салық әмияны қате төлемдер мен негізсіз айыппұлдарды жояды, қайтарымдар мен инкассалық өкімдердің санын азайтады, салық төлеушінің шығындарын уақытында азайтады және банктер үшін комиссиялық шығындарды алып тастайды", - деді ол.


Оның сөзіне сүйенсек, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің "салық әмиянын" толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар.

"Әмияндағы ақша автоматты түрде салық міндеттемелері пайда болған салықтарға есептеледі. Сіз бюджетке ағымдағы және алдағы міндеттемелерді салықтар және мемлекеттік кірістер органдары бөлінісінде қарай аласыз. Мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салық салу объектілері туралы мәліметтерді көруге болады", - деді комитет төрағасының орынбасары. 


Бұдан бөлек оның айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеудің қарапайым және ыңғайлы сервисі іске қосылған.  

"2020 жылдың аяғында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, салық салу объектілері туралы мәліметтерді түзету қызметін енгізу жоспарлануда, оның аясында жеке тұлғаларға салық салу объектілері туралы ақпаратты жаңарту үшін электронды өтініш жіберуге мүмкіндік беріледі.   Комитеттің екінші деңгейлі банктермен бірігуінің нәтижесінде салық төлеудің ыңғайлы және қарапайым қызметтері енгізілді. Осылайша, 2018 жылдың шілдесінен бастап салық төлеушілерге салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерді МКК-нің "Салық төлеушілер кабинеті" веб-қосымшасында, МКК порталында, оның eSalyq мобильді нұсқасында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында (Homebank, Kaspi.kz және басқалары), "электрондық үкіметтің" порталында (egov.kz) қарау және төлеу мүмкіндігі берілді", - деді ол.


Оның сөзіне сенсек, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жоғарыда аталған барлық ресурстар алдағы салықтарды көруге және дайын реквизиттермен төлеуге мүмкіндік берілмек. 

"Жеке тұлғалар үшін - мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша, ал дара кәсіпкерлер үшін - төлем көзінен салық салынбайтын кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша. 2019 жылға мерзімі 2020 жылдың 1 қазанына дейін жеке тұлғаларға мүлік салығы мен жер салығы бойынша алдағы төлемдер, көрсетілген қызметтер бойынша 2020 жылдың маусым айында орналастырылады деп күтілуде", - деді Талғат Мамаев.


Сонымен қатар салықтарды төлеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктерден онлайн режимінде 2 минут ішінде келіп түсетінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл сізге мемлекеттік қызметтерді жылдам көрсетуге, жеке бет есептерден тиісті ақпаратты ұсынуға және шоттардан бұғаттарды уақытылы алып тастауға мүмкіндік береді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды