• Басты
  • Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті

Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті

14 Сәуір, 2020 14:01

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді, деп хабарлады Strategy2050.kz СІМ-ге сілтеме жасай отырып.

 


Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

Сондай-ақ, ҚР-дың Пекиндегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.

Барлық жаңалықтар