- Басты
- Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Тек екі жағдайда ғана шартты түрде босатуға мүмкіндік беріледі. Бірінші жағдайда, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жалғыз басты әкелер, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдар және бірінші, екінші топтағы мүгедектер. Тергеумен белсенді жұмыс істеген күдіктілерге қатысты жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін.
«Залал толық өтелген және жазаны өтеу кезеңінде жазалар болмаған жағдайда, азаматтардың аталған санаттары жазаның белгілі бір мерзімін іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қалған барлық азаматтарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жойылады. Адамдар сот тағайындаған жазаны толығымен өтейді. Бұл шараның елеулі профилактикалық әсері болатынына сенімдімін. Әр адам заңсыз іс-әрекетке бармай тұрып, ойлануы керек», - деді Бектенов.
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар қоныс-колонияларына жалпы негізде кіре алады.
«Енді парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар, ал бұл айтарлықтай және ірі мөлшерде пара алу және беру, құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы, парақорлыққа бірнеше рет делдал болу жазасын өтеу үшін орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемелеріне, ал аса ірі мөлшерде пара алған немесе берген адамдар – қауіпсіздігі барынша жоғары ҚАЖ мекемелеріне жіберілетін болады. Осылайша, мұндай санаттағы адамдар үшін жазаны неғұрлым ыңғайлы ұстау жағдайында өтеуге құқықтық тосқауыл қойылды», - деді ол.
Ал колония-қонысқа көшу үшін енді олар залалды өтеумен қатар, үлгілі мінез-құлықпен тағайындалған жазаның бір бөлігін түзеу мекемелерінде өтеуі тиіс.
-
Transparency Kazakhstan 2020: Қандай мемлекеттiк мекемелерде жемқорлық фактiсi жиi кездеседi
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды
-
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады
-
Кибер жаттығу кезінде қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет
-
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай
-
Су тасқынын алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынды
-
Алик Шпекбаев: "СҚ-Фармация" қоймасындағы дәрі-дәрмек алаяқтардың табыс көзіне айналып кетпесін
-
Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері
-
Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жандандыру үшін арнайы Жол картасы әзірленбек

