• Басты
  • Сыбайлас жемқорлықпен күресуде Қазақстанның тәжірибесі қолданылды – Ш. Әлсалех
2 Қазан, 2019 18:26

Сыбайлас жемқорлықпен күресуде Қазақстанның тәжірибесі қолданылды – Ш. Әлсалех


Сауд Арабияда сыбайлас жемқорлықпен күресуде елбасының «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» пайдаланылған. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (ХСЖҚА) мен Қазақстан Республикасы Тараптардың сегізінші Ассамблеясына қатысқан Сауд Арабиясындағы парасаттылыққа даярлау орталығының Бас директоры Шәкір Әлсалех айтты.
Сыбайлас жемқорлықпен күресуде Қазақстанның тәжірибесі қолданылды – Ш. Әлсалех | Strategy2050.kz
«Біз елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жобасына өзгерістер енгізу барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуе арналған бағыттарын пайдаландық. Аларамыз көп екен. Бюджеттің ашықтығы, халық пен мелекет арасындағы ашық диалог, қабылданған шешімдер мен заңдардың халық үшін қолжетімділігі өте маңызды. Біз өзгерту кезінде осындай тәжірибені ескердік», - деді ол.

Сондай -ақ, сөз барысында Шәкір Әлсалех Сауд Арабиядағы қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу арналған жобаларын таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

«Сауд Арабиясында бюджетті ашық түрде көрсетуге, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйе бар. Оны еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясы, Бас прокуратурасы және Әділет министрлігі бірлесіп жасады. Онда әр түрлі мемлекеттік органдарға қатысты азаматтардан түскен арыз-шағымдар қабылданады. Түскен арыз-шағымдарды зерделеу арқылы проблеманы тез арада шешуге мүмкіндік береді», - деді.

Бұдан бөлек, егов платформасында тікелей халықаралық қаржы банкі мен Сауд Арабиясының қаржы министрлігі бірлесе отырып жүзеге асырған жоба туралы айтып өтті.

«Аталған жобаны тікелей халықаралық қаржы банкі мен елдің қаржы министрлігі бірлесе отырып жүзеге асырды. Оның негізгі мақсаты - мемлекеттік сатып алу секілді ақпараттарды халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Осы платрформа арқылы әр азамат мемлекеттің ақшасы қайда жұмсалып жатыр деген сияқты мәліметтерді оңай таба алады»,- деді Шәкір Әлсалех.

Айта кетейік, еліміздің астанасында өтіп жатқан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (ХСЖҚА) мен Қазақстан Республикасы (ХСЖҚА) Тараптардың сегізінші Ассамблеясына әлемнің барлық өңірінен 70-тен астам делегат қатысуда. Аталған шара 4 қазанда аяқталады.

 

   Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды