• Басты
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды

21 Қыркүйек, 2020 17:07

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін жаңа электронды «білезіктер» пайда болды. Бұл білезіктер үй қамақта отырған күдіктілерді бақылау үшін қолданылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Агенттік төрағасының цифрландыру мәселелері жөніндегі көмекшісі Абзал Құсайыновтың «Білезіктер» электронды бақылау құралымен Агенттіктің ресми парақшасындағы AntikorNews бағдарламасында таныстырды. Оның мәлімдеуінше, қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке озық цифрлық технологияларды енгізу бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Бұл бір жағынан мемлекеттік саясаттың міндеттемелерінің орындалуымен де байланысты. 

Біз әлемдік тәжірибені көріп, одан керегімізді алып, тергеудегі тұлғаларға қатысты бұлтартпау шараларын таңдау кезінде электрондық бақылау құралдары – «білезіктерді» пайдалануды бастадық. Мысалы, осы жылдың 17 қыркүйегінде алғаш рет Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты «үй қамақ» т кезінде артық қимылдарға бармау үшін қолданылды, - деді ол.
Сондай-ақ, бақылаудағы адам денсаулығына байланысты білезік тағуа алмайтын болса, қажетті медициналық куәландырудан өтеді. Енді антикор қызмекерлері күдіктілер мен айыпталушылардың орналасқан жерін жаңа электрондық девайстардың көмегімен тәулік бойы бақылауда ұстай алады. Соның арқасында күдіктілердің "үй қамақта" отыру ережелерін бұзу фактілері орын алса, жедел әрекет ете алады. Осы электронды "білезіктің" болуына байланысты күдікті тергеуден және соттан жасырыну әрекеттерін жасай алмайды.

Бұдан басқа, біздің органның ықшамдылығын назарға ала отырып, процесстерді цифрландыру жүзеге асырылып жатыр. Бұған қолда бар құралдарды пайдаланып жатырмыз. Әрине, білікті мамандарсыз мұндай технология жұмыс істей алмайды. Сондықтан Агенттікте жүйені бақылау және орындау үшін жауапты қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды, - деді Аслан Құсайынов.
Оның сөзінше, жаңа осындай аппараттарды қолдану қылмыстық жазаларды тіркеу мен ізгілендіру жөніндегі талаптарға сай келеді. Енді жақын арада қамауда отырған адамдардың санын азайтуға және Қазақстанның пенитенциарлық жүйесін жұмыстың жаңа форматына шығаруға мүмкіндік бар.

Азаматтармен жұмыс істеуде адам факторын қоспай, осындай арнайы құрылғылармен нәтижеге қол жеткізуге болатынын түсіндік. Сондықтан цифрлық жүйелерді енгізу тұлғалардың тұрғылықты жеріне барып тексеруге байланысты босжүрістер мен шығындарды азайтады. Бұл құрылғыны күдіктіге орнатып қойсап, агенттіктің адамдары оның үйін торуылдамайды. Күдікті отбасында емін-еркін бола алады және  біз оның жеке кеңістігін шамадан тыс шектемейміз. Өйткені, "білезік" біз үшін жұмыс істейді, - дейді маман.
 Электронды білезіктер арқылы бақылау жүйесі қалай жұмыс істейді?

Білезіктің салмағы 80 грамм. 

Құрылғының өзі денеге тағылатын пассивті радиоэлектрондық білезік болып табылады. Ол күдіктінің аяғына орнатылады. Құрылғыны рұқсатсыз алып тастауға және корпусты ашуға болмайды. Бұл агенттіктің арнайы бақылау жүйесінің үнемі қадағалауында болады.

Білезіктің уыттылық деңгейі бойынша сәйкестік сертификаты және қажетті қауіпсіздік регламенттері бар. 

Білезікті аяқтан шешіп тастау немесе оның тұтастығына кез келген механикалық әсер ету әрекеті туралы дерек бас диспетчерлік пунктке және қылмыстық процесске жауапты адамдарға белгі болып келеді. Жауапты мамандар басқа әріптестеріне белгі беріп, күдіктінің үйіне бауға құқылы.

Бақылаудағы күдіктіні тексеру қажет болған жағдайда жүйеде оның биометриялық деректерін тексеру функциясы шығып тұрады.

Тергеудегі күдіктілерді бақылаудың өзі аумақтық бөлімшелердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отыра, Агенттіктің орталық аппаратының ғимаратында орналасқан бас диспетчерлік орталық арқылы жүзеге асырылады.

Бақылаудағы тұлғаның рұқсат етілген периметрдің шегінен тыс шығуы қажет болған жағдайда әкімші жол жүру бағытын айқындайтын болады. Мысалы, қылмыскер сот отырысына бару керек болса, оның жол жүру бағыты білезікте көрсетіліп тұрады. Бұл объектінің тікелей қызмет орны бойынша қозғалу жағдайларына да қатысты.

Жабдық жиынтығына бақыланатын тұлғаның кез келген құқыққа қарсы әрекеттерін тіркейтін акселерометрмен және гироскоппен жабдықталған қорғалған станция , электрондық білезік, радиомаяктар кіреді.

Күзетпен ұсталмаған адамдар үшін Заңмен белгіленген (ҚР ҚПК 137-бабы) шектеулер белгілейтін басқа бұлтартпау шараларымен (ешқайда кетпеу және тиісті емес мінез-құлық туралы қолхат, жеке кепілгерлік, кепіл және үй қамақ) салыстырғанда білезікпен тұлғаның картада ол баруға тыйым салынған қоғамдық және басқа да орындарды (әуежайлар, барлар және т.б.) айқындау мүмкіндігі бар периметрін белгілеу оңай.

Аслан Құсайыновтың айтуынша, бұл жобаны қазақстандық компания жасап шығарды. 

Техникалық жағдайы мен бағдарламалық құрамдастардың ерекшеліктері әлемдік ең сапалы баламаларынан кем түспейді. Бір сөзбен, халықаралық стандартқа сай келеді. Жүйенің сыртқы сипаттамасын (facial recognition technology) және күдіктінің дауысын тану үшін сұрау салу автоматты түрде іске қосылады. Содан кейін жүйе бұл туралы күдіктіні бақылауда ұстап отырған жауапты қызметкерлерді хабардар етеді.

Барлық жаңалықтар