• Басты
  • Сусындарға салық салу бағаға қалай әсер етеді
29 Қаңтар, 2020 11:57

Сусындарға салық салу бағаға қалай әсер етеді

Дүниежүзілік банк сарапшылары құрамында қанты бар сусындарға салық салу өнімнің бағасына қалай әсер ететіні туралы өз зерттеулерімен бөлісті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Сусындарға салық салу бағаға қалай әсер етеді

“Қазақстандықтар да, көптеген ел секілді, өз бюджетінің көп бөлігін жиі тұтынатын азық-түлікке, электр энергиясы мен коммуналдық қызметтерді төлеуге бөліп қояды. Олардың ішінде табак, алкоголь, тәтті сусындар бар. Егер Үкімет осы тауарларға салықты өсірсе, онда әрбір адамға шаққанда шығын пропорционал болар еді. Сондықтан көптеген елдің үкіметі осы мәселеден қашуға немесе құтылуға тырысады. Егер бұл мәселеде салық өссе, сосын оның бағасы көтерілсе, халық арасында тұтыну да азаяды, сәйкесінше түрлі аурулардың алдын алуға болады. Сондай-ақ адам өмірін ұзартуға ықпал ете алады. Мұның барлығы салық салудың прогрессивті әсерін көрсетіп отыр. Біз жасаған талдау да осыған әкеп соғады”, - деді А.Фукс.

Ол атап өткендей, талдауға бойынша белгілі бір тауардың бағасын көтеру арқылы оның тұтыну санын қысқартуға әкеледі.

"Мұны біз тұтынушылар әрекеті деп атаймыз. Экономистер тұтыну саны қалай болады деген сұраққа бағаға байланысты деп отыр. Яғни, құрамында қанты бар тауарларға салықтың өсімі арқылы бағаны өсірудің тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, АҚШ-та бағаның көтерілуі арқылы -1,21 көрсеткіштен, -0,71 дейін көтерілген. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш -0,92, Мексика, Бразилия, Францияда -1,29 болды. Бұл – өте маңызды көрсеткіш", - деді Дүниежүзілік банктің аға экономисі, жобаның тең жетекшісі Алан Фукс.

Ал, Дүниежүзілік банктің салық моделі бойынша консультанты Альберто Гонима Қазақстандағы ішімдікке салынатын салық салымын құрамында қанты бар сусындарға қолданудың тиімділігі туралы айтып берді.

"Қазақстанда импорттық баж салығы 4 пайызды құрап отыр. Өзге елдерде табак және алкоголь өнімдеріне салынатын салық бар. Ал, ЕАЭО-ның бірде-бір елінде қантты сусындарға салынатын салық жоқ. Бұл деректі де назарға алу керек. Себебі, ол көрші елдермен тепе-теңсіздікке алып келуі мүмкін. Қосылған құн салығы бәрімізге мәлім,ол өндердің барлық құрылымына салынады",-деді ол.

Сондай-ақ ол осы бойынша үш сценарий әзірленгенін айтты.

"Бұл литріне 35 теңге салық салуды қарастыру. Мәселен,2020 жылы бұл салық енгізіледі, ол 2021-2022 жылдары артып отырады. Бағаны инфляция мен ЖІӨ өсіміне сәйкес,өсіріп отыру қажеттігі ескерілді. Осы орайда, салықтың үш арнайы салымы бар.2020 жылы 35 теңгеден басталып, 2021 жылы 42 теңге,2022 жылы 50 теңге салық салу бағаны 20 пайызға көтереді", - деді ол.

Ол екінші нұсқа 3 жылға бағаның өсімін 20 пайызға арттыруды қарастыратынын айтты.

"Үшінші нұсқа бойынша біз қанты бар сусынға салынатын салықты есептедік. Біз салықтан алғашқы төрт граммды босатамыз. Себебі, ол бір қасық қантты құрайды. Осы мөлшерден жоғары болатын жағдайда салық салынады",-деді ол.

А.Гонима айтып өткендей, бірінші нұсқа бойынша салық енгізілсе, зерттеудің негізгі нысаны болып алынған Coca-cola -ның зауыттан шыққан құны 159 теңгені құрайды.

"Зерттеу нәтижесінде анықталғандай,тұтынылатын сусындардың 80 пайызын қантты газдалған және энергетикалық сусындар құрап отыр. Осы сусындарға көп қысым түсетін болса,оларды тұтыну мөлшері азаяды, - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды