• Басты
  • Елордада 16,3 млрд теңгенің келісімдері жүзеге асырылды
4 Қазан, 2019 11:18

Елордада 16,3 млрд теңгенің келісімдері жүзеге асырылды


«Субконтракт биржасы-2019» шарасында 16,3 млрд теңгенің келісімдері жүзеге асырылды. Шараға қазақстандық ірі, шағын және орта кәсіпорындардың өкілдері,жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері мен жүйе құрушы кәсіпорындар, Инвестициялар және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен қызығушылық танытқан кәсіпорындар қатысты,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Елордада  16,3 млрд теңгенің келісімдері жүзеге асырылды

«Субконтракт биржасының» негізгі мақсаты – тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында В2В кездесулерін тиімді ұйымдастыру.

 Екі жақ арасында өндіріс пен тауар жеткізу, жұмыстар мен қызметтер, жергілікті өкілдің үлесін арттыру, қолдау, қазақстандық бизнесті дамыту және ішкі нарықта олардың потенциалын арттыру мәселелері бойынша кооперациялық байланыстарды ыңғайлау үшін биыл үшінші рет өтіп отыр.

Биржа қатысушыларының арасында «Еуразиялық топ», «Қазақмырыш», «Қазмыс корпорациясы», «Қазтеміртранс», North Caspian Operating Company N.V., KAZ Minerals тобы, Karachaganak Petroleum Operating B.V., PSA Kazakhstan, «АрселорМиттал Теміртау», «АгромашХолдинг KZ», «Қостанай минералдары», «Қазақалтын» және т.б. отандық машинақұрылысы, тауметаллургиясы, химия, мұнай, жеңіл өнеркәсіп және басқа тауар өндірушілер бар.

Биржа-2019 қорытындысы бойынша KAZ Minerals тобы («ВостокЦветМет» ЖШС, «ҚАЗ Минералз Ақтоғай» ЖШС және «ҚАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС) компаниялары мен «Новопек» ЖШС, «ComTrade Product» ЖШС және «IC textile» ЖШС отандық тауар өндірушілері арасында жалпы сомасы 16,3 млрд теңге болатын сомада келісімге қол қойылды.

«Орталық мемлекеттік сатып алуларда жергілікті тауарлардың үлесін арттыру үшін және контракттар жасау үшін үнемі шаралар өткізіп тұрады. Бүгінгі «Шағын контракттар биржасы» іскерлік келісімдер мен кооперациялық байланыс құрудың маңызды құралы болып келед», - деп атап өтті «QazIndustry» Қазақстандағы индустрия мен экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлишер Әбдіқадыров.
Қазақстандық өндірушілер үшін аса маңызды болатын «QazIndustry» бастамаларының ішінде Дүниежүзілік банк - Жеткізушілерді дамыту қызметі екенін Басқарма төрағасы Әлишер Әбдіқадыров атап өтті.

 Оның айтуынша, бұл жоба отандық тауар өндірушілердің арасында бәсекелестікті арттыруға бағытталған.

«Ол шикізат экономикасындағы әлеуетті жеткізушілерге ірі тапсырыс алуға мүмкіндік береді. Біз «Еуразиялық өндірістік кооперация желісі, субконтрактация және трансфер» жобасы бойынша жұмысты белсенді жүргізіп жатырмыз. Ол тапсырыс кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Субконтрактациялардың еуразиялық желісінің жұмыс істеуі ЕАЭО мүше елдерінде өндірістік өнім көлемі мен тауар өндіру қарқынын арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.
Айта кетейік, «Субконтракт биржасы» жұмысының үш жылында шағын және орта бизнестің өзара тәжірибе алмасуына тиімді алаң екені айқындалды. 2017 жылы Биржа «Астана ЭКСПО-2017» алаңында отандық компаниялар арасында 6 кооперациялық келісім орнатты. 2018 жылы 6 үшжақты келісім мен 2 екіжақты меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар тауар өндірушілерді ішкі нарықта сүйемелдеу және импорттың орнын басатын өндірістерді дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.


Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды