• Басты
  • Суармалы жерлерді көбейту импортқа тәуелділікті төмендетеді
7 Сәуір, 2020 11:23

Суармалы жерлерді көбейту импортқа тәуелділікті төмендетеді

 Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «суармалы жерлерді пайдалану» мәселесі бойынша баяндама жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz АШМ-ға сілтеме жасай отырып. 

 Суармалы жерлерді көбейту импортқа тәуелділікті төмендетеді

2020 жылғы қаңтардағы мәлімет бойынша суармалы жерлер алаңы 1 546 мың гектарды құрайды. 

Суармалы жерлерде егілетін дақылдар құрылымында дәнді масақты дақылдар - 25,6%, азықтық дақылдар - 26%, мақта - 9,3%, майлы дақылдар - 6,6%, күріш - 6,2% ауқымды үлеске ие.

Елімізде қолданылатын суару түрлері: суармалы жерлердің 79,2%-ы жер үсті суарумен, 6,8%–ы жаппай су басумен, 3,3%-ы тамшылатып суарумен, 10,7%-ы жаңбырлаумен қамтылған.

Тамшылатып және жаңбырлап суарудың қазіргі заманғы әдістері тек 210,4 мың га алаңда немесе суармалы жерлердің 14%-ында ғана қолданылады. 

Сондықтан, суару кезінде ылғал үнемдеуші технологияларды пайдалану үлесін арттыру өзекті мәселе болып табылады.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи ылғал үнемдегіш технологияларын енгізуге ынталандыру мақсатында инвестициялық субсидиялау қолданылады, ол келтірілген инвестициялардың 50%-ын өтеуді, сондай-ақ фермерлерді оқыту және білімді тарату, оның ішінде американдық Валмонт компаниясымен құрылатын демонстрациялық фермалар желісі арқылы білім арттыруды көздейді», - деді министр.

Суармалы жерлерде ауыспалы егіс ескеріле отырып, барлық қажетті ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілетін болады.

«Әрине, суармалы егіншіліктің артықшылығы айқын. Суару есебінен өнімділігін 2-3 есе арттыруға болатын бірқатар дақылдар бар. Қазіргі заманғы суару жүйелері қымбат болса да (1 гектарға 1000 АҚШ доллары) олар жалпы жиналымды ұлғайту есебінен егіншіліктің осы түрі инвестиция тартуға қолайлы», - деді Сапархан Омаров.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жылына 6%-бен қаражат алуға болады, сонымен қатар инвестициялық субсидиялау бағдарламасы да жұмыс істейді.

Бүгінде Мемлекет басшысы алға қойған жоғары рентабельді дақылдарға көшу, импорт алмастыру және суармалы жерлердің алқаптарын 2030 жылға дейін 3,0 млн.га дейін біртіндеп жеткізу жөніндегі міндеттер шеңберінде егіс алаңдарының құрылымы әзірленді. Бұл құрылымды іске асыру үшін облыс әкімдіктеріне жолданды.

Жалпы, суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігі ауыл шаруашылығы дақылдары жиналымының өсуі және жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі түрлері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін жасалуда. Мысалы, болжанып отырған 20 мың га алаңға жаңа бақтар отырғызу бойынша Министрлік жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде алмамен өз елімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды