Өсу деңгейі 2,5 пайызды құрады - Тимур Сұлтанғазиев COVID-19 туралы

25 Мамыр, 2020 17:36
Өсу деңгейі 2,5 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Денсаулық сақтау министрлігінің медиа холдингі ұйымдастырған баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Жалпы Қазақстан бойынша 8531 сырқат анықталды. Олардың 3118 әрі қарай емін инфекциялық клиникада жалғастырып жатыр. 4352 сырқат жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өткен тәулік бойынша 209 науқас тіркелді. Өсу деңгейі 2,5 пайызды құрады. Ал өткен аптамен салыстырғанда өсім 2,2 пайыздан 5,2 пайыз деңгейінде сақталып отыр», - деді ол.

Ол атап өткендей, өткен аптада анықталған науқастар саны 80 пайызы белсенді скрининг барысында айтты.

«15 пайызы ЖРВИ кезінде өздері барып қаралуында, 4 пайыз өзге елдерден келгендерден анықталды. Өткен аптамен салыстырғанда кейбір өңірлерде өсім айтарлықтай байқалып отыр. 7 пайыздан жоғары өсім тіркелген өңірлер 8 аймақта тіркелді. СҚО-да көп жағдайда Ресейден келген жағдайда тіркелді. 5 пайыздан жоғары өңірлерге Ақмола,Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қаласы еніп отыр. Кейінгі үшінші топқа,яғни 5 пайызға дейін тағы үш өңір кіреді», - деді ол.

Т.Сұлтанғазин айтып өткендей, жұмысқа шығып жатқан соң өсім көбейіп жатыр.

«Бас санитар айтқандай, жұмыс 70 пайызға қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен еді. Карантиндік шаралар босаңсыған соң, инфекцияның жаңа жағдайлары тіркеліп отыр. Бұл жерде жақсы мысал білім беру жүйесі толық қашықтықтан оқуға көшкеннен кейін оқушылар мен студенттер, ұстаздар арасында тіркелмеді.Ал кеңседе жұмыс істеп жатқан ұйымдардағы қызметкерлер санитарлық талаптар барынша ұстамай отыр деген сөз. Сондықтан да, осыған қатысты рейд ұйымдастырылып. Кеңселердегі карантиндік режимдердің қалай сақталып отырғанын тексеру басталды. Оның ішінде мейрамханалар мен кафелер де бар. Қазақстан бойынша өткен аптада 10 мыңнан астам нысан тексерілді», - деді ол.
Барлық жаңалықтар