- Басты
- Жаңалықтар
- Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды
2021 жылғы 28 маусымда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орайластырылған «Заманауи білім» республикалық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау өткізді.

Шара Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180, Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойын дәріптеуге және білім құндылығын насихаттауға арналған.
Ұйымдастырылған конкурс мынадай номинацияларды қамтыды:
1. Газеттер мен журналдардағы үздік мақала;
2. Интернет басылымдағы үздік жарияланым;
3. Үздік радиоматериал;
4. Үздік телевизиялық материал.
Интернет басылымдағы үздік жарияланым қатарында қазіргі күнгі өзекті мәселені қозғаған Strategy2050.kz сарапшысы Олжас Бейсембаевтың «Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет» комиссия мүшелерінің оң бағасын алып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аталған мақала мектептердегі зорлық-зомбылықты болдырмау, мектеп қауіпсіздігі мен түрлі қауіп-қатерлерді бағалау, төтенше жағдайларды жоспарлау мәселелері бойынша мектеп басшылығын, мұғалімдерді және басқа да қызметкерлерді арнайы дайындықтан өткізу; мектептердегі қауіпсіздік шараларын жетілдіріп отыру, төтенше жағдайға дайындық жоспарын жаңарту; қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша орталық және жергілікті органдармен әріптестікті нығайту; оқушылардың ата-аналарымен байланыс, әлеуметтік желілердегі жұмыс стратегиясын жоспарлау ұсынымдарымен құнды болып отыр. Көрші елдегі жағдайға (Қазан қаласы, Татарстан) байланысты ақпараттық сараптама білім мәселесіне аса қатаң жауаптылықта қарау қажеттігін қайта еске салады.
Айта кетелік, конкурс комиссиясының құрамы сенатор-журналист, республикалық БАҚ өкілдері, радио саласының мамандары, интернет басылым және БАҚ саласындағы қоғамдық ұйым сарапшыларынан құралған болатын.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады
-
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті
-
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері
-
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
-
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды
-
2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі
-
Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
-
2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды
-
Республикалық бюджет: Өңірлерге, әлеуметтік салаға қанша қаражат бөлінеді
-
Экономиканы дамыту: Ұлттық қордан бөлінетін қаржы қайда жұмсалмақ/Экспорт пен импорт болжамы

