- Басты
- Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығында баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Салтанатты шара басында сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пандемия кезінде ақпарат таратуда еңбек еткен журналистерге алғысын білдірді.
«Үркер» бәйгесі үш күнге созылған «Astana Media Week» жобасы аясында өткізіліп жатыр. Бұл медиаапталық халықаралық журналистиканың назарын елордамызға аударған ерекше іс-шара болды. Әрине, біз үшін қоғамдағы әр саланың өзіндік орны бар. Соның ішінде журналистиканың қоғам үшін атқарып отырған еңбегі өте зор. Әрбір еңбек лайықты бағасын алуы керек деп санаймыз. Біздің бүгінгі шарамыз да осы ниетпен өткізіліп отыр. Сондықтан біздің әділ қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан шын таланттарға лайықты бағасын бергеніне сенімдіміз. Дүние жүзін әбігерге салған пандемия жағдайында әлем журналистері бір арнада тоғысып, өз кәсіптеріне деген адалдықты кезекті рет дәлелдеп отыр. Онлайн форматтағы платформада әлемнің 16 мемлекетінің көрермендері үшін 50-ден астам халықаралық медиасарапшылар тәжірибелерін бөлісті. Және ең бастысы – біздің отандық журналистика деңгейі де әлемдік бәсекеге қабілеттілігіне көз жеткіздік, - деді министр.
Балаева биылғы байқаудың жаңалығына назар аударды. Ол қазақ журналистикасының жампозы Шерхан Мұртахза атына тағайындалған арнайы номинация.
Шерхан ағамыздың отандық журналистиканы дамытуға атқарған еңбегі мен қосқан үлесі өлшеусіз. Сондықтан да, қазақ журналистикасының асқар шыңы саналатын «Шераға» атындағы марапатқа ие болу – кім-кім үшін де зор мәртебе, биік жетістік деп білемін, - деді Аида Балаева.
«Үркер – 2020» жеңімпаздары:
«Жылдың үздік аналитикалық материалы» - Strategy2050.kz порталының бас редакторы Қайрат Жандыбаев;
Жылдың үздік фотосуреті» - тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет;
«Жылдың үздік репортажы» - Kyzylorda-news.kz порталының журналисі Нұрсұлтан Мықтыбаев;
«Жылдың үздік журналистік зерттеуі» - «Время» газетінен Михаил Козачков;
«Жылдың үздік сұхбаты» - Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева;
«Жылдың үздік танымдық материалы» - «Sputnik Казахстан» агенттігінің тілшісі Тимур Ниталиев;
«Радиостанциядағы үздік жоба» - «Atyray» радиостанциясының «Эфирде 102 FM» бағдарламасы;
«Жылдың үздік жаңалықтар порталы» - «TengriNews» порталы;
«Жылдың үздік газеті» - Жамбыл облыстық «AQ JOL» газеті;
«Жылдың үздік журналы» - «Жұлдыз» журналы;
«Шерхан Мұртаза атындағы номинация» жеңімпазы - Қайнар Олжай.
Жеңімпаздарға ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атынан 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
-
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады
-
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады
-
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
ҚР дипломатиялық қызметi туpалы заң жобасына қандай түзетулер енгізілмек
-
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды

