• Главная
  • Қазақстанда жаңа агенттік құрылады
1 сентября, 2020 11:30

Қазақстанда жаңа агенттік құрылады

Қазақтанда Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында айтты, - деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Қазақстанда жаңа агенттік құрылады

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бір жыл бұрын  2019 жылы 2 қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.

Мемлекет басшысы бүгін мемлекеттік қызметкерлерге аса көңіл бөлді. Олардың санын азайтуға тоқталды. Сондай-ақ, Ұлттық компаниялардың қысқаруы жайында да айтты.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-баллды шкала енгізілу тиіс. Бұл мемлекеттік қызметкерлер үшін мотивация болып, жауапкершілік жүктейді, - деді.

Қазіргі өзгермелі әлемде шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондықтан, құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлері арасында балансты қамтамасыз ету керек. Мұны кешіктіруге болмайды! Шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту мақсатын 2021 жылы шешеміз, - деп басып айтты Президент.

Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жетелдетуді тапсырамын , - деді Мемлекет басшысы.

Әлеуметтік төлемдерды индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленетінін айтты. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінуде.

Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді – деді ол.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде алдыңғы шепте жұмыс істеген азаматтарға алғыс білдірді.

Коронавируспен күресте дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын, - деді ол.