«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді

27 Қазан, 2021 12:17

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде «Bolashaq» Қауымдастығының кеңес төрағасы Алмас Құдайберген кәсіпкерлерге арналған бизнес-жобалардың республикалық байқауының бесінші маусымы басталғаны туралы хабарланды. Жоба мақсаты- қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау болып табылады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Жобадағы басты мақсат – бизнесті дамыту

«Bolashaq» Қауымдастығының Кеңес төрағасы Алмас Құдайбергеннің мәлімдеуінше, қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам студент оқып келген. Сондай-ақ, түлектер елімізге келіп жұмысқа кіріскен.

«Осы жазда бізің қауымдастықта үлкен өзгерістер болды. Бұрын тек мемлекеттік жұмысшылардан құралған басшылармыз бен қызметкерлеріміз болса, бүгінгі таңда кәсіппен айналысып жүрген болашақ бағдарламасының түлектері көбейді», -деді ол.

Оның айтуынша, басты мәселе шетелде оқып келген жастардың басын қосып, отандық кәсіпті дамытуға үлес қосу. Сонымен қатар, 11 мыңнан астам түлекті біріктіру үшін олардың мамандықтарына байланысты клубтар құрылатынын жеткізді.

«Бизнесті қолдау» жобасы

Ол өз сөзінде іскерлікті дамыту мақсатында бірнеше жоба бар екенін атап өтты. Олардың бірі «бизнесті қолдау» жобасы. Ол кәсіпкерлерге арналған менторлық жоба болып табылады.

«Екінші бастамамыз, біз алдағы уақытта бизнес-форум жүргіземіз. Атаулы форум 5 қараша күні өтеді. Оған еліміздің беделді кәсіпкері қатысады», -деді Алмас Құдайберген.

Оның айтуынша, бұрын «Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы әрбір адамға грант ретінде берілетін. Қазіргі таңда нақты мақсат ауысып, инвестиция ретінде берелетін болады.

Жоба ережесіндегі өзгеріс

«Bolashaq» Қауымдастығының мүшесі, «Alawwal Partners» инвестициялық қорының басқарушы серіктесі Қаныш Тілеушін биыл жобада ауқымды өзгерістер болғанын атап өтті. Осыған орай жоба ережесі де өзгерген.

«Бүгінгі таңда өтініш беру басталды. Біздің жоба бизнес идеясы бар, бірақ оған қаражат немесе білімі жетіспей жүрген азаматтарға арналады. Бұл идея болашақ бағдарламасын оқып келген жастардан келді», -деді Қаныш Тілеушін.

Оның айтуынша, түлектер бұрынғыдай грант ұтуға ұмтылмайды. Барлығы менторлық қызметке байланысты болады. Сондай-ақ, қатысушылар инвестиция бөлінгеннен бастап, беделді кәсіп иелерінің серіктеріне айналады. Жоба аясында кәсіпкерлікпен айналысып қоймай, блогер, кеңес беруші ретінде қатысуға болатынын айтып өтті.

Инвестиция қаражатының көлемі ұлғайды

Қаныш Тілеушіннің дерегінше, жоба аясында 2016-2017 жылдар аралығында 2 мың адам өтініш беретін болған.Оның ішінен 10 адам таңдалып, жеңіске жететінін айтып өтті.

«Ол кезде ұтып алған азаматқа құны 10 млн теңге грант берілетін. Қазір қаржы да, жеңілдік те артты», -деді Алмас Құдайберген.

Барлық жаңалықтар