• Басты
  • «Спутник V» VS «QazVac»: Вакциналарды өндiру ерекшелiктерi мен тәсiлдерi

«Спутник V» VS «QazVac»: Вакциналарды өндiру ерекшелiктерi мен тәсiлдерi

23 Сәуір, 2021 11:37

Бүгiн «Спутник V және QazVac: COVID-19-ға қарсы вакциналардың сапасы» тақырыбында өткен онлайн лекторий кезiнде медицина ғылымдарының докторы, Дәрiлiк заттарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, ҚР ДСМ халықты иммундау жөнiндегi консультативтiк комиссия мүшесi Жаннат Абенқызы қазақстандық QazVac вакцинасыны өндiру технологиясы мен «Спутник V» вакцинасын алу жөнiнде айтып бердi, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

«Спутник V» вакцинасы

Маманның сөзiнше, вакцинаның технологиялық палатформасы осыдан 20 жыл бұрын қабылданған. Ол биотехнологиялық әдiстердiң көмегiмен жүзеге асады. «Спутник V» вакцинасының екi дозасын қыбылдағаннан кейiн адам ағзасында ерекше қорғаныс иммунитетi қалыптасады екен.

«Көптеген елдер вакцина өндiрудi бастады. Соның iшiнде Қазақстанда да вакциналар әзiрлене бастады. Бүгiнгi талқылауымыздың тақырыбы болып отырған екi вакцинаға тоқталғым келедi. «Спутник V» - бұл қазақстандық фармацевтикалық кешенде өндiрiлетiн қазақстандық препарат. Бұл GMP талаптарына сәйкес келетiн заманауи зауыт, яғни «өндiрiстiң тиiстi тәжiрибесi» бар дегендi бiлдiредi», - дедi Жаннан Абенқызы.

Н.Ф. Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу институтында өндiрiлетiн «Спутник V»-ден технологиялар трансфертi қалай алынғанын әңгiмелеп бердi.

«Сонымен қатар аталмыш вакцинаның технологиялық платформасы ұзақ уақыт бойы сыналды. Ол адамның аденовирусы емес, патогендi штамм қолданылатын биотехнологиялық әдiстердiң көмегiмен алынды. Бiрақ ол S ақуызын өндiрудi кодтайтын ген енгiзiлген тасымалдаушы болып саналады, оған қарсы қорғаныс қасиеттерi бар антиденелер шығарылады», - дедi сарапшы.

Сондай-ақ, маманның мәлiметiнше, бiрiншi компонентте осы аденовирустың 26-серотип, ал екiншi компонентте 5-серотип барын жеткiздi. Яғни, адам осы екi дозаны алғаннан кейiн, ол арнайы қорғаныс иммунитетiн дамытады.

«QazCovid-In» немесе «QazVac» вакцинасы

Сонымен қатар ғалым Қазақстан ғалымдары сынақтан өткiзген отандық вакцинаға тоқталды.

Ғалымның сөзiнше, QazVac вакцинасының белгiлi бiр технологиялық платформасы бар. Бұл классикалық технологиялық процедура, оның көмегiмен коронавирустық инфекция қоздырғышының биологиялық массасы алынады.

«QazCovid-In немесе QazVac вакцинасына тоқталсам, хромотографиялық айрықша әдiстер арқылы күрделi бағалау жүргiзiледi. Кейiннен дозалар пысықталып, дайын вакцинаны өндiрудiң бiрқатар рәсiмдерi жүргiзiледi», - дедi Жаннат Сатыбалдиева.

Сондай-ақ, ол бұл вакциналарды тексеру процедурасы айтарлықтай күрделi екенiн атап өттi. Пандемия жағдайының өзiнде Қазақстан жаппай пайдалануға рұқсат алардың алдында тыңғылықты тексерiстен өткендiгiн жеткiздi. Өз сөзiнде ғалым отандық вакцинаның қалай алынатынын айтып бердi.

"Алаңдауға негiз болмауы керек. Бiрiншiден, вакцинаның негiзгi компонентi – ресейлiк өндiрiстiң "спутнигi" екенiн ұмытпайық. Ал Қарағанды фармацевтикалық кешенiнде жүргiзiлетiн кезеңдер-бұл флакондар бойынша құю, өлшеу, орау -олар вакцинаның сапасына мүлдем әсер етпейдi. Оның үстiне, бұл зауыт аккредиттелген және тиiстi өндiрiстiк практика талаптарына сәйкес келетiн атап өткiм келедi", - дедi Жаннат Сатыбалдиева.
Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар