• Басты
  • Созақтық мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады
29 Мамыр, 2020 10:56

Созақтық мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады

Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтамсыз етілген отбасыға баспана сыйлап етіп, игі іске ұйытқы болып отыр.
Созақтық мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады

Ауданда мұндай шара дәстүр болып қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлестерін қосып келеді.

Созақ аудандық мәслихатының депутаты Берік Тұрғанбаевтың және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяповтың ұйымдастыруымен Созақ ауылының мектеп бітіргеніне 20 жыл толған 1983 жылғы азаматтардың көмегімен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, жалғыз басты 6 баланың анасы Нұрмағанбетова Баянға жеке тұрғын үй салып берді. Сондай-ақ, Жуантөбе ауыл округінің 2000 жылы мектеп бітіруші түлектері 500 метрді құрайтын көше аралық жол төсеген. Сонымен қатар, ауылдық мешіт алдына тас жол төсеп, жарықтандыру жүйесін жүргізіп берген. Бұдан өзге, олар мешіт жанына 100 адамға лайықталған асхана салып беріп отыр.

Тағы бір қуантатын игі істі «IGI QADAM» ЖШС-і қолға алмақшы. Осы уақытқа дейін де, «IGI QADAM» ЖШС-ң демеушілігімен тұрақты әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Еріктілердің бастамасымен ауыл тұрғындарының қолдауымен Жуантөбе ауылында аз қамтамасыз етілген отбасыны жаңа үймен қуантпақ.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды