- Басты
- СOVID-19: Әлем елдері карантин шараларын жеңілдете бастады
СOVID-19: Әлем елдері карантин шараларын жеңілдете бастады
Өткен сенбіден бастап көптеген еуропалық елдe дүкендер ашылды және екінші локдаундағы карантиндік шаралар коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының төмендеуіне әсер етті. Алайда, пандемия әлі жалғасып жатқан АҚШ-та шектеулер әлі күшінде, Лос-Анджелесте іс-шаралардың барлығына дерлік тыйым салынған. Әлемдегі эпидахуал туралы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Дүниежүзілік Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 61 млн-нан асты, ал адам 1,4 миллионнан астамы қайтыс болған. Дегенмен, шынайы деректер белгісіз, өйткені тестілеу және деректерді тіркеу әдістері бүкіл әлемде әртүрлі.
Қазір ең жылдам вирус Азия мен Латын Америкасында, атап айтқанда Мексикада таралып жатыр.
Ресми түрде тіркелген науқастардың ең көп саны тіркелген бес мемлекеттің қатарында АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция және Ресей бар. Еуропа Латын Америкасы мен Кариб аралдарынан кейін жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны ең көп тіркелген әлемдегі екінші аймаққа айналды. Ал Ресейде екінші күн қатарынан жаңадан жұқтырғандардың рекордтық өсімі байқалып отыр.
Өткен сенбіде Ұлыбритания астанасы Лондонда локдаунға қарсы наразалық акциясы ұйымдастырылды. Салдарынан Save Our Rights UK акциясының 60-тан астам қатысушысы қала орталығында ұсталды. Ал Лондон полициясы адамдарды көптеген құқық бұзушылықтар үшін, атап айтқанда эпидемиологиялық нормаларды сақтамағаны үшін ұстағанын хабарлады.
Ұлыбританияда дүкендер, мейрамханалар мен барлар 2 желтоқсаннан бастап жұмыс істей бастайды, бірақ белгілі бір аймаққа берілген эпидемиологиялық қауіптің деңгейіне байланысты бүкіл ел бойынша айтарлықтай шектеулер қолданыла береді.
Алайда, екінші локдаун кезінде бірқатар тәуелсіз дүкендер мен кафелер интернеттегі тапсырыспен жұмыс істей берді, ал Англияның солтүстігіндегі шаштараз салонының бір иесі биліктің бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін 27000 фунт (43000 мың доллар) айыппұл төлейтін болады.
Францияда желідегі сатушыларға әділетсіз артықшылық бермеу үшін билік «Қара жұма» күндерін келесі аптаға ауыстырды. Сонымен қоса, Францияда дүкендер сенбіде ашылды және тұрғындарға күніне 3 сағатқа дейін үйден шығуға рұқсат етілді.
Сонымен қоса өткен сенбіде Польша да өзінің сауда нүктелерін ашты. Бельгияда да осы аптада дүкендер ашылмақ, бірақ ішінара шектеу шаралары сақталады.
Сондай-ақ, Германия Люксембург және Нидерландыда да шектеу шаралары жеңілдетіледі.
Өткен жексенбіден бастап Италия билігі Ломбардия мен Пьемонттың солтүстік аймақтарындағы, сондай-ақ оңтүстігіндегі Калабриядағы карантин шараларын жартылай алып тастады, қауіптілік деңгейі қызылдан қызғылт сарыға өзгерді.
Ирландия кейбір кәсіпкерлердің жұмысын қалпына келтіруге және тұрғындардың Рождество мерекесін бірге өткізуіне мүмкіндік беретін шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастайтындығын жариялады.
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы
-
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
-
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
-
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде
-
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды
-
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе
-
COVID-19: Германия карантин шараларын ұзартпақ, ал америкалықтар ковидке қарсы вакцинациялауды бастайды
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
-
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр
-
Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

