- Басты
- Жаңалықтар
- Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі
Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз криминогендік жағдайларға тоқталып өтті. Жиында ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жанар Шайдуллина сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмек туралы баян етті.Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмек
Жиында ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жанар Шайдуллина ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсететін стационарлары бар 65 медициналық бөлім, оның ішінде 16 тергеу изоляторында, 6 емдеу-профилактикалық мекемесінде 3 туберкулезге қарсы аурухана, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде 15 денсаулық пункті жұмыс істейтінін жеткізді.
Оның айтуынша, медициналық қызмет көрсету аумақтық денсаулық сақтау басқармаларымен, облыстық ЖИТС орталықтарымен және туберкулезге қарсы диспансерлермен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар медициналық көмек алу үшін қосымша медициналық қызмет алатын мекеменің орналасқан жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының бекітілген халық тіркеліміне бекітіледі.
«Стационарлық емдеу қажет болған кезде сотталғандар ҚАЖ ауруханаларына немесе жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінген денсаулық сақтау объектілеріне жіберіледі, - деді Жанар Шайдуллина.
Сондай-ақ,ол барлық адам пенитенциарлық мекемелерге келгеннен кейін денсаулық сақтау органдарының мамандары мен жылжымалы диагностикалық кешендерден міндетті бастапқы және жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өтіп, созылмалы аурулар болған кезде есепке алынады және қажетті ем алатынын жеткізді.
Сотталғандар арасында туберкулезді емдеу
Жанар Шайдуллинаның мәлімдеуінше, пенитенциарлық медицина туберкулезді емдеудің тиімділігі жоғары оң тәжірибесін қалыптастырған. Соңғы жылдары алғаш рет туберкулезбен ауыратындар саны 86%-ға азайған.
«Туберкулезді ерте анықтау және уақытылы емдеу мақсатында ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін барлық адам жылына 2 рет медициналық тексерулер барысында міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтеді», - деді ол.
Оның дерегінше, сотталғандарды пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы емдеу 810 төсекке арналған 3 туберкулезге тергеу изоляторларында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, сотталғандар мен тергеу қамауындағыларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мәселесі бірнеше рет көтеріліп, әртүрлі деңгейде талқыланған.
«Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігіне беру медицина қызметкерлерінің мекеме әкімшілігінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес келеді», - деді Жанар Шайдуллина.
Осы орайда, 2019 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 1 сәуір аралығында Алматы және Қарағанды облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінің мекемелерінде пилоттық жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде, білікті медициналық көмек көрсету мәселелерінде аумақтық денсаулық сақтау органының медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимылы жақсарған.
Оның айтуынша, азаматтық денсаулық сақтау саласында сотталғандардың қазіргі заманғы тексеру, диагностика және емдеу әдістеріне қол жетімділігі кеңейе түскен. Сондай-ақ, сотталғандар мен тергеу қамауындағыларды медициналық қамтамасыз ету функцияларын ДСМ қарамағына беру бойынша дайындық іс-шаралары жүргізілген.
«Қазіргі уақытта функцияларды беруді жүзеге асыру үшін НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша заң жобалау жұмысы жүзеге асырылып жатыр», - деді Жанар Шайдуллина.
Бір аптада елімізде 2877 қылмыс жасалды
Брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бір аптаның ішінде орын алған криминогендік жағдай туралы айтты. Оның мәліметінше, бір апта ішінде Қазақстанда 2877 қылмыс жасалды,оның 1847 тәулік ішінде ашылған.
«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 35 тонау және 412 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді ол.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес
Нұрділдә Ораздың айтуынша, Алматы қаласында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Рустам Мирализоданың кездесуі өткен. Кездесуде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылда бірлескен жұмыстың көп жылғы оң тәжірибесі атап өтілген. Сондай-ақ, көпжақты халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі неғұрлым өзекті мәселелер бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары белгіленген.
«Кездесу барысында Орталық серіктестерін халықаралық есірткі бизнесіне қарсы ортақ күш-жігерді біріктіруге жұмылдыру қажеттілігі атап өтілді. Қазақстан аталған орталықтың қызметіне аса маңызды мән береді», - деді Нұрділдә Ораз.
Оның сөзінше, қазіргі таңда Орталық Азияның барлық дерлік мемлекеттерінің есірткіге қарсы ведомстволарының мамандарын өзінің қанатының астына топтастырған бірегей жоба болып табылады.
«Біз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және қазіргі заманғы есірткі қылмысының жаңа қауіп-қатерлері жағдайында практикалық ынтымақтастықтың арта түсетініне сенімдіміз», - деп атап өткен министр кездесуде.
Кездесу қорытындысы бойынша есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу үшін сындарлы халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілген.. Бұл орталықтың құрамына жеті мемлекет кіреді – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Бақылаушылар мәртебесі 16 мемлекетке берілген - Австрия, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция. Халықаралық бақылаушы ұйымдар - Интерпол және Оңтүстік-Шығыс Еуропалық құқық қорғау орталығы.
Қазақстандық полицейлер ТМД бойынша іздеуде жүрген қылмыскерді ұстаған
Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ІІМ ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын өткізген. Нәтижесінде, іздеуде жүрген 343 қылмыскер ұсталған.
«Оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 3, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 7, қарақшылық үшін – 2 және тонағаны үшін 3 адам ұсталды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.
Сондай-ақ, республикадан тыс жерде, соның ішінде ТМД елдерінде іздеудегі 33 адам ұсталған. Қазақстандық полицейлер ТМД елдерінде іздеудегі 108 қылмыскерді ұстаған. Мәселен, Павлодар облысының полиция қызметкерлері 2001 жылдың шілде айынан бастап Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін іздестіріліп жатқан адамды ұстаған.
«Шымкентте «Гранд Прага» мейрамханасында кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адам ұсталды. Талдықорғанда қазақстандық полицейлер Ресей Федерациясының Бурятия аумағында адам ұрлау және бопсалау үшін 2014 жылдан бері іздеуде болған қылмыскерді ұстады», - деді ол.
Сондай-ақ Алматы полиция департаментінің іздестіру тапсырмасы бойынша Мәскеуде қаржы пирамидасын құрып және басшылық еткені үшін, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан қылмыскер ұсталған.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады

