• Басты
  • Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: Облыс стационарларында дәрі тапшылығы жоқ
8 Шілде, 2020 16:21

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: Облыс стационарларында дәрі тапшылығы жоқ

 Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: Облыс стационарларында дәрі тапшылығы жоқ
8 шілдедегі мәліметке қарағанда қазір Cолтүстік Қазақстан облысында 1 446 оқиға тіркелді. Соның ішінде 480 адам аурудың симптомды түрімен, ал 67 проценті сиптомсыз түрімен науқастанған. Өткен тәулікте науқастанғандар саны – 1,9 процентке өсті немесе бұл 28 адам, оның 19-ы симптомды, 9-ы симптомсыз. Инфекциялық стационарларда қазір 136 адам емделіп жатыр. 545 адам емделіп шықты. Өңір стационарларындағы дәрі-дәрмек пен ӨЖЖ аппараттары жайында есеп бере келе: 
Пандемияға дейін облыста 76 өкпені жасанды желдету аппараты болған. 150 млн теңгеге қосымша тағы бес аппарат сатып алынды. Өткен аптада жергілікті бюджеттен шілде айының соңына дейін жеткізілетін 20 ӨЖЖ аппаратын сатып алу үшін тағы 400 млн теңге бөлінді. Біз қазір Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс жүргізіп, бұған дейін хабарланған 38 ӨЖЖ аппаратын бізге мерзімінен бұрын, яғни жоспарланғандай желтоқсан айында емес, қыркүйекте жеткізіп беру жағын қарастырып жатырмыз, - деді Ақсақалов.
Облыс әкімі25 портативті ӨЖЖ аппараты жедел жәрдем көліктеріне сатып алынғанын айтты. Ол, сондай-ақ, биыл реанимациялық құралдармен жабдықталған 18 жедел жәрдем көлігі жеткізілетінін айтты. 

Құмар Ақсақалов брифинг барысында өңірде дәрі-дәрмектің бағасын бақылау мақсатында мониторинг топтары құрылғанын мәлімдеді.


Сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің 41 атауын мониторингілеу бойынша мониторингтік топтар құрылды. Dari.kz мобильді қосымшасы бар, онда әрбір қолданушы дәрі-дәрмектің бағасы шекті бағаға сәйкес келу-келмеуін тексере алады. Бірақ барлық дәрі-дәрмекке министрдің бұйрығымен шекті баға белгіленген және бұл шаралармен мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Облыстағы дәріханаларда қызу түсіретін, қабынуға қарсы, вирусқа қарсы және антибактериалды дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар. Стационарларда дәрі тапшылығы мәселесі жоқ. "СК – Фармация" дәрі-дәрмектерді мерзімінен бұрын жөнелту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде, - деді ол.

Облыс басшысы медицина қызметкерлерінің жағдайы жайлы айтып өтті.
Медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныш құралдары жеткілікті, алдағы 2 аптаға да  жетеді, нақты айтсақ бір реттік бетперде – 338 мың дана, қорғаныш кәстөм – 4 мың, қолғап – 596 мың дана, антисептик – 9 тонна бар. Бөлшек сауда жасайтын дәріханалар желісінде бетперде мен антисептик тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта сұраныстың артуына байланысты Бірінші қалалық аурухана, Облыстық фтизиопульмонология орталығы және М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов аудандарында пациенттерге арналған төсек-орын санын 65-тен 435-ке дейін көбейттік. Провизорлық стационарлардағы орындар 100-ден 905-ке дейін арттырылды, соның ішінде облыстық ауруханада 200, қалалық ауруханада 110, Қызылжар аудандық ауруханасында 120-ға дейін қосымша орындар ашылды. Басқа аудандарда орынды көбейту қолға алынған.
Сөз соңында облыс әкімі халықты өз-өзін сақтауға шақырды.

СҚО індеттің таралуы толық бақылауда екеніне халықты сендіре келіп, "дегенмен «Сақтықта қорлық жоқ» деген жақсы сөз бар ғой. Өзіміз де сақтанып жүрейік ағайын", деп аяқтады.
Барлық жаңалықтар