• Басты
  • Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артты
28 Қараша, 2019 17:14

Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артты

2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артқан. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде обыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артты

"Соңғы үш жыл көлемінде сыртқы сауда-саттық айналымы 13 пайызға өсті, ал экспорт көлемі 1,3 есеге артты. Биылғы жылдың он айындағы қорытынды бойынша, экспорт көлемі 14,4 млн доллардан асып, 15,4 пайызға өсті. Ал импорттың үлесі 1 пайызға төмендеп отыр. Жыл соңында облыстың жалпы ішкі өнімі 1 трлн 300 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда", - деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде республика бойынша жетекші орындарды алады.

"Біздің облысымыз ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде республика бойынша жетекші орында. Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,3 есе артты. Атап айтсам, 411 млрд теңгеден 516 млрд  теңгеге дейін өсті. Аймақтық экономика құрылымында ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің төрттен бірін алады. Биыл облыстағы диқандар 5,1 миллион тоннадан астам астық өсіріп, жинады", - деді ол.

Бұдан бөлек өңір басшысы өз баяндамасында бүгінгі күні шетелне экпортталып жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артқан. 

"Өңір ауылшаруашылық өндірісін әртараптандыруда да көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл жағдай шаруа қожалықтарының кірісін арттырды және сәйкесінше ауыл тұрғындарының табысын көбейтті. 2016 жылдан бастап майлы дақылдар алқабы 2 есеге, яғни, 1 млн гектарға ұлғайды, бұл Қазақстан Республикасындағы барлық аудандардың 35% құрайды. Сонымен қатар Еуропалық елдерге атап айтар болсам, Бельгия, Польша, Латвия, Германия және Ресей секілді елдерге майлы дақылдардың экспорты 2 есе өсті, яғни, 75,8 мың тоннадан 157,6 мың тоннаға дейін артып отыр", - деді өңір әкімі.

Сондай-ақ облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, өңірде жоғары заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған 17 сүт фермасы жұмыс істейді және биыл 1600 ірі қара малға арналған 3 кешен құрылған. Сонымен қатар ол 2020 жылы 5 мың сиырға арналған тағы 10 заманауи ферма салу жоспарланғанын атап өтіп, бұл сүт өндірісін жылына 20 мың тоннаға арттырады деді.

Бұдан басқа облыс әкімі өз сөзінде ет өңдеу саласын дамытуға арналған жоспарларымен бөлісті. 

"Облысымызда ет өңдеу саласын дамыту үшін "EMC Agro" ЖШС ет өңдеу зауыты және ірі шошқа өсіру кешенінің жұмысын іске қостық. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдері арасында да еі ірі жобалардың бірі болып отыр. Аталған өндіріс орнына 5 миллиард теңге инвестиция құйылды.Қазір нәтижесінде жылына 5 мың тонна ет өндіріліп, 3 мың тонна дайын өнім шығарылып отыр. Сонымен айта кету керек, өңделген  тауарлардың сыртқы сауда айналымы жыл басынан бері 83 млн долларға жетіп, 208 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп. Тағы бір айта кету керек дүние, оның 64 пайызы экспортқа шығаруға бағытталған", - деді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ облыс басшысының айтуы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық секторға инвестиция тарту бойынша да алдыңғы қатарда.

"Облысымыз аграрлық секторға инвестициялар тарту бойынша да алғашқы орындардан табылып отыр. Атап айтсақ, арарлық салаға салынған инвестицияның республикалық көлемінің төрттен бір бөлігі, яғни, 86,3 млрд теңгесі біздің облысымызға құйылуда. Сонымен бірге айта кету керек, сооғы үш жылда өңірдің агроөнеркәсіп кешеніне 200 миллиардтан астам теңге инвестицияланды", - деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек облыс басшысы өңірде инвестиция тарту үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданғанын айтып өтті.

"Облыстың инвестиция салуға қолайлы орта қалыптастырып, мүмкіндігін арттыру мақсатында 4 аймақтан тұратын "Қызылжар" деген арнайы экономикалық аймақ ашылды. Оның үшеі өндіріс салаларын құруға, біреуі құрылысқа бағытталған. Бұл Ресей Федерациясы мен Қазақстанның шекаралас аймақтарындағы жалғыз арнайы экономикалық аймақ болып табылады. Алғашқы инвестиция көлемі 160 млрд теңгені құрап отыр. Осы бағытта 3 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарымызда бар", - деді Құмар Ақсақалов.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды