- Басты
- Жаңалықтар
- Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Президент кәсіби бағдар беру және жастарды оқыту жүйесіндегі Қарулы Күштердің рөліне жеке тоқталды: «Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуі тиіс. Мерзімді қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн».
"Қорғаныс министрлігі бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мамандықтарына мониторинг жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жұмысшы мамандықтары бойынша даярлау ұйымдастырылады. Жастар әскерде борышын өтеп жүрген кезде отандық нарықта тапшы қажетті білімді, дағдылар мен мамандықтарды тегін алады. Сарбаздарға Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Байланыс департаменттерінің, Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің кіші мамандарын дайындайтын оқу-жаттығу орталықтарында кәсіби білім берілетін болады", делінген хабарламада.
Мерзімді әскери қызметшілер қос мақсаттағы әскери мамандықтарды меңгереді. Оның ішінде ауыр жүк машиналарының жүргізушілері, экскаваторшылар, тракторшылар, жол төсегіштер, дизелистер – электриктер, байланыс мамандары және тағы басқалар бар. Алған мамандығы жастарға әскерден кейінгі өмірде де кәдеге жарары анық.
Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында қазірдің өзінде жүк көліктерінің жүргізушілерін даярлауға арналған оқу ротасы құрылды. Жыл сайын мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 160-қа жуық маман даярлау жоспарланып отыр. Сабақтар алдағы жылы басталады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады
-
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі
-
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек

