• Басты
  • Өскемендіктер пәтерге ие болды
3 Желтоқсан, 2019 10:23

Өскемендіктер пәтерге ие болды

Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
Өскемендіктер пәтерге ие болды

198 отбасы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ операторы болып табылатын  «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының әлеуметтік маңызды бағыттарының бірі  «Сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтер» бойынша баспаналы болды.

«Нұрлы жер»  бағдарламасы бүкіл ел көлемінде тұрғын үй мәселелерін шешеді. Тек Қазақстан Ипотекалық Компаниясы  желісі бойынша 4 жыл ішінде 18 667 қазақстандық отбасы пәтермен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде көп балалы аналар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының басқа да азаматтары бар», – деп «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин хабарлады.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында кезекте тұрғандарға әл-Фараби даңғылы, 40 үй мекен-жайында орналасқан 36 бір бөлмелі, 117 екі бөлмелі, 45 үш бөлмелі пәтер кілттері табыс етілді. Пәтерлердің жалпы ауданы 12 495,8 ш.м. құрайды. Барлық пәтерлер таза әрленген және 20 жыл өткен соң жалға алушылардың меншігіне тапсырылады. 

Бағдарлама шарттары бойынша жалға берілетін пәтерлерді жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар санаты: жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған толық емес отбасылар, әскери қызметшілер алады. Кезекте тұрғандардың тізімін жергілікті атқарушы органдар іріктейді және төлем қабілеттілігін растау үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымына «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-на жібереді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды