• Басты
  • «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті
7 Шілде, 2020 19:11

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп мәлім етті, - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті

Оның мәліметінше, бұған дейін бір аптаның ішінде жеткізілетін дәрі-дәрмектің құны 974 млн теңге болса, соңғы аптада бұл көрсеткіш 1,5 млрд теңгені құраған. Бүгінде COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті.

«Сонымен қатар, амбулаториялық деңгейде пневмонияны емдейтін азология бар, 660-шы бұйрық денсулық сақтау министрлігінің. Ішінде ересектерге тегін негізде емхана арқылы азитромицин мен амоксиклав дәрісі беріледі. Ал балаларға азитромицин мен амоксиклавтан басқа, дене қызуын төмендететін ибупрофен, парацетомол дәрілері тегін беріліп жатыр. Қазіргі кезде бүкіл емханаға 517 млн теңгенің дәрісі жеткізілді. Ал қоймаларда 216 млн теңгенің дәрісі қалды. Біз науқастарды дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етіп отырмыз», - деді мекеме басшысы.
Сондай-ақ, мемлекеттің ұсынысы бойынша отандық өндірушілер шығаратын дәрі-дәрмектерден қосымша қор құрылды. Бүгінде 2,7 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді.

Айта кетейік, «СК-Фармация» ЖШС елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық мекемелерге дәрі-дәрмекті жеткізумен айналысады. Соңғы 15 маусымда қабылданған клиникалық хаттамаға сәйкес, коронавирус індетін емдеуге арналған 121 дәрі-дәрмектің ішіндегі 102 атау бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіреді. Жалпы, жыл басынан бері медициналық мекемелерге коронавирус індетіне қарсы қолданылатын құны 7,4 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді.

Барлық жаңалықтар