• Басты
  • Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді
26 Маусым, 2020 12:22

Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді

Симптомсыз науқастардың 3 пайызы болашақта стационарға жатқызылады. Бұл жөнінде «КВИ жұқтырған симптомсыз науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің бақылауы туралы» онлайн брифингте «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова айтты.

Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді

«Симптомсыз" сөзінің өзі айтып отыр. Бұл коронавируспен ауырған науқастармен баланыста болғандардың немесе вирус ошағында жүргендіктен өзінен күдіктенгендердің жасаған тест нәтижесінде вирустың кездейсоқ табылуы. Алайда онда ешқандай белгілері байқалмайды. Денсаулығына еш шағымы жоқ адамға ем қажет пе? Егер мен өзімді жақсы сезінсем және менде проблемалар болмаса . Менің ойымша, көптеген адамдар дәрілерді белгілі бір көрсеткіштер болған жағдайда ғана қабылдау керек деген пікіріммен келіседі. Ал, көрсеткіштер дегеніміз - ол симптомдардың болуы. Науқасты амбулаториялық негізде әр түрлі формада емдеу үшін алгоритм жасалды. Жеңіл формада, температура көтерілгенде - парацетамол, басқа ештеңе ұсынылмайды. Егер адамда пневмония болса, бұл симптомды форма. Ондай жағдайда дәрігер тағайындаған препараттар қолданылатын клиникалық формалар болып есептеледі», - деді Махаббат Бекбосынова ОКҚ сайтындағы онлайн-брифингте журналистердің сұрағына жауап беріп.

Маманның айтуынша симптомсыз және ауру жеңіл өтіп жатқан пациенттердің күнделікті статистикасын жүргізгенде 15 мыңға жуық адамда симпомсыз, 2 мыңға жуық адамда вирустың жеңіл түрі кездескен. Амбулаторлық бөлімінің жіті бақылауы барысында симптомсыз азаматтардың шамамен 3 пайызы стационарда емделеді.


Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100