• Басты
  • СІМ өкілі Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді
25 Қараша, 2019 17:12

СІМ өкілі Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді

18 қарашада Гоконгтағы наразылық кезінде Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр жергілікті полициямен ұсталған еді. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров журналистерге берген сұхбатында қазақстандық студенттің жағдайы тұрақты екендігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

СІМ өкілі Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді

"Осыдан бірер күн бұрын қазақстандық бірінші курстың студенті жергілікті полициямен тұтқынға алынған болатын. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Оның ата-анасы бүгін Гонконгқа ұшып барды. Біздің дипломаттар ол жігітпен бірнеше рет кездесті. Ол студенттің ешқандай шағымы жоқ. Денсаулығы жақсы, оған қажетті заттардың барлығы апарылды. Адвокат табылды, енді тергеудің нәтижесін күтеміз", - деді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі өкілі азаматтарға қандайда бір төтенше жағдай болған кезде Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулдығына хабарласу қажеттігін атап өтті.

"Айта кететін жайт, Гонконгта арнайы төтенше жағдай енгізілген жоқ. Сондықтан басқа туристер немесе біздің басқа қазақстандық азаматтар бола береді. Біздің үндеуіміз тек қана студенттерге арналған. Өйткені оқу келесі жылдың қаңтарына дейін тоқтатылды немесе онлайн режимде сабақ оқи береді. Алайда біздің азаматтар сол жерде болып қалған жағдайда, төтенше жағдайға түсіп жатса біздің Бас консулдыққа міндетті түрде хабарласулары қажет. Қай жерде наразылық шаралары өтетінін Бас консулдықтың сайтынын қарауға болады", - деді СІМ өкілі.

Оның айтуынша, осыдан бірер күн бұрын 209 қазақстандық студент елге оралған. Ал 32 студент өз бетімен Гонконгта қалуға шешім қабылдады. Сонымен қатар Айбек Смадияровтың сөзіне сүйенсек, 17 студент жақында елге қайтуға ниеттеніп отыр.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
3.236.156.32, 192.168.88.100