• Басты
  • Шымкенттегі 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты
18 Мамыр, 2020 12:22

Шымкенттегі 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты

Шымкент қаласы аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында  қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков қала әкіміне Шымкенттегі су қоймаларының жағдайы жайлы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 


 Шымкенттегі 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты

Мәселен, 1983 жылы салынған Текесу су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 481 млн текше метр. Бүгінде онда жиналған су мөлшері 50 пайыз ғана. Ал, Абай ауданы аумағында орналасқан «Ақжар» су қоймасы 723 млн текше метр суды ұстап тұруға қауқарлы. Су қоймасы күні бүгінге дейін 68 пайызға толыпты.

Мұнан бөлек, Елтай елдімекені маңында орналасқан «Бадам» су қоймасының сыйымдылық мөлшері 61,5 млн текше метр. Қазір онда толған су 90 пайыздан асқан. Жағдай мамандардың тұрақты  бақылауында. «Тоғыс» су қоймасы толса, 4,6 млн текше метр су жинай алады. Қаладағы Тоғыс тұрғын алабында орналасқан су қоймасына дәл қазіргі таңда 19 пайыз ғана су келген.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды