• Басты
  • Шымкентте жылыжай кешені салынады
2 Маусым, 2020 11:45

Шымкентте жылыжай кешені салынады

Шымкенттегі агро-индустриалды аймақтағы 30 га жерге жылыжай кешені салынбақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте жылыжай кешені салынады

Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыс барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен өткен жиында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы аталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында екі кезеңді қамтитын жол картасы дайындалған.

«Жол картаға сәйкес бірінші кезеңде агроиндустриалдық аймақта 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салушы инвесторларға жер үйлестіруге қажетті құжаттары жинақталды. Өз кезегінде, жеке инвесторлар жылыжай кешенін салу жобаларын 2020-2022 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделуде. Ал, екінші кезеңнің жобалары 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады»,-деді басқарма басшысы.

Осы ретте, қала басшысы агро-индустриалды аймақты дамыту арқылы қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылық өнімдерінің импортталуын азайту қажет екенін айтты. 

«Агро-индустриалды аймақтарды құрудағы басты мақсат – қаламыздың инвестициялық мүмкіндігін арттырып, ауыл шаруашылығы саласында инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Жобада ауыл шаруашылығы саласын дамытып, аграрлық секторды экономиканың қозғаушы күшіне айналдыру көзделіп отыр, сондықтанда тиісті ұйымдастыру жұмыстарына қарқын беру керек»,-деді М.Әйтенов.

Агро-индустриалды аймақтың негізгі артықшылықтары: инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды шаруаларға тегін жеткізу, кәсіпкерлерге субсидия алуға қолдау көрсету, өнімді тасымалдау мен сақтауды ұтымды ұйымдастыру.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды