• Басты
  • Шымкентте мың шақырым жерге минералды жолақ жыртылды
26 Мамыр, 2020 12:59

Шымкентте мың шақырым жерге минералды жолақ жыртылды

Шымкентте мың шақырым жерге минералды жолақ жыртылды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу бойынша онлайн режимде өткен жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Шымкентте мың шақырым жерге минералды жолақ жыртылды

Оның айтуынша, қала аумағындағы орман қоры жерлеріндегі 406 шақырымда минералды жолақ жыртылған. Бұдан бөлек, егістік алқаптарында 400 шақырым, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 65 шақырым және жергілікті автомобиль жолдарының бойында 315 шақырым өртке қарсы жолақ жыртылған. 

«Өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары сапалы болуы үшін енін кемінде 7 метр етіп жүргізу қажет. Орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында аудан әкімдіктері тиісті елді мекендерде 527 адамнан тұратын 52 өрт сөндіру тобын құрды. Олар 94 бейімделген қосалқы техникамен, 22 өрт сөндіру мотопомпасымен және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Орман және дала өрттері орын алған жағдайда дер кезінде сөндіру үшін бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелер мен 4 уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттері құрылды»,-деді департамент басшысы.
Бұдан бөлек, ол Шымкент қаласында өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға, ал адамдардың қаза болуы 40 пайызға азайғанын айтып өтті.

Өрт қауіпі жоғары маусымның таяп тұрғанын айтқан қала басшысы аудан қала әкімдеріне өз аумақтарында ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, жаз айларында өте ыстық, өрт қауіпі жоғары өңір екеніне тоқталған әкім, өрт оқиғасы орын алған жағдайда бірінші кезекте сол ауданның басшысы жауап беретіндігін ескертіп өтті.
Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы аудан аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауды күшейтуді жүктеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды